Кіру

2. Ақселеу Сейдімбек. Әйел-Ана (ертегісі)

  • 2. Ақселеу Сейдімбек. Әйел-Ана (ертегісі)-1
  • 2. Ақселеу Сейдімбек. Әйел-Ана (ертегісі)-2
  • 2. Ақселеу Сейдімбек. Әйел-Ана (ертегісі)-3
  • 2. Ақселеу Сейдімбек. Әйел-Ана (ертегісі)-4
  • 2. Ақселеу Сейдімбек. Әйел-Ана (ертегісі)-5
  • 2. Ақселеу Сейдімбек. Әйел-Ана (ертегісі)-6
  • 2. Ақселеу Сейдімбек. Әйел-Ана (ертегісі)-7
  • 2. Ақселеу Сейдімбек. Әйел-Ана (ертегісі)-8
  • 2. Ақселеу Сейдімбек. Әйел-Ана (ертегісі)-9
  • 2. Ақселеу Сейдімбек. Әйел-Ана (ертегісі)-10
  • 2. Ақселеу Сейдімбек. Әйел-Ана (ертегісі)-11
  • 2. Ақселеу Сейдімбек. Әйел-Ана (ертегісі)-12
  • 2. Ақселеу Сейдімбек. Әйел-Ана (ертегісі)-13
  • 2. Ақселеу Сейдімбек. Әйел-Ана (ертегісі)-14
Әдеби ертегілер - сюжетіне ел аузындағы аңыз әңгімелер немесе жазушының қиялынан туған қиял-ғажайып оқиға негіз болатын, авторы белгілі көркем шығарманың бір түрі. Жазушы Ақселеу Сейдімбектің «Әйел-Ана» ертегісі осындай көркем шығарманың түріне жататын ертегінің бірі.

Ерте кезде ғажайып бір өлкеде мамыражай тірлік кешкен, кішісі үлкенін сыйлаған, үлкені кішісіне қамқор болған, ер көңілді жігіттері, ақылына көркі сай ару қыздары бар, ынтымағы жарасқан Күншуақ деген ел болыпты деп басталады ертегі. Сол елдің айрандай ұйыған тіршілігін көре алмаған, түгін тартса, майы шығатын жеріне қызыққан жау тұтқиылдан шабуыл жасап, қапыда қалған жұртты тұтқын қылып, кіріптарлыққа ұшыратады. Тас қамалға қамалған тұтқындарға бірде жау ханының жарлығы жеткізіледі. Асқан зымияндықпен ойластырылып, босқан елдің еңсесін мүлдем түсіруді мақсат еткен ханның түпкі ойы елді мүлдем тоздырып, өзіне түбегейлі бағынышты ету болатын. Алайда кіріптар жұртты дағдартқан хан жарлығының қаупінен елді өз ішіндегі ақ шашты ана аман алып қалады. Ханның астарына қулық жасырынған жарлығын өз аузынан естіген Ана хан сөзінің екі болмайтынын алға тартып, ақылымен, тапқыр шешімімен тұтқынға түскен жұртын түгел бостандыққа алып шығады. Осылайша Күншуақ елі құрып кете жаздаған қиын шақта Әйел-Ананың ақыл-парасатының арқасында аман қалыпты. Әйелді бұрын да қадір тұтатын Күншуақ елінің осы оқиғадан кейін Әйел-Анаға деген сый-құрметі тіпті ерекше болыпты. Тіпті халықтың ең асыл мұрасы – тіл болса, оны да, «Ана тілі» деп, Әйел-Ананың ақ сүтінен даритын құдірет-қасиетке балапты.
74699
287
Тэгтар
Free
Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы
Қате туралы хабарландыру