Кіру

1. Бейімбет Майлин. «Түйебай» әңгімесі

  • 1. Бейімбет Майлин. «Түйебай» әңгімесі-1
  • 1. Бейімбет Майлин. «Түйебай» әңгімесі-2
  • 1. Бейімбет Майлин. «Түйебай» әңгімесі-3
  • 1. Бейімбет Майлин. «Түйебай» әңгімесі-4
  • 1. Бейімбет Майлин. «Түйебай» әңгімесі-5
  • 1. Бейімбет Майлин. «Түйебай» әңгімесі-6
  • 1. Бейімбет Майлин. «Түйебай» әңгімесі-7
  • 1. Бейімбет Майлин. «Түйебай» әңгімесі-8
Бейімбет Майлин 1894 жылы қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында туған. Жастай әкеден айрылып, балалық шағы жоқшылықта бейнетпен өтеді.
Бейімбет Майлин – қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Әсіресе, қазақ прозасындағы әңгіме жанрын биік деңгейге көтерген. Оның әңгімелері жаңа құрылыс кезеңінің көркем шежіресі іспетті. Кейіпкерлері – қарапайым ел адамдары. Аумалы-төкпелі заманның қиыншылықтары, жаңа үкімет тарапынан жіберілген асыра сілтеушіліктер, ел адамдарының бастан өткерген уақыт кезеңі жазушы қаламында шебер көрініс тапқан. Қаламгер кейіпкерлерінің шынайы болмыс-бітімі тұрмыс-тіршілігі, психологиялық күйі арқылы сол қоғамды шынайы бедерлеумен қатар, өзіндік көзқарасын білдіреді. Жаңа үкімет тарапынан жіберілген кемшіліктер оның Мырқымбай сияқты кейіпкерлерінің аузымен кейде ашық, кейде астарлы түрде сынға алынады. Қаламгер заман сипатын дер уақытында айқын танып, өз шығармаларында көркем бейнелеген. «Шұғаның белгісі», «Раушан – коммунист», «Арыстанбайдың Мұқышы» «Он бес үй», «Майдан» т.б әңгіме, повесть, драмалар – шыншыл суреткердің қаламынан туған бірегей туындылар. Ол 1938 жылы қайғылы қазаға ұшырайды.

«Түйебай» әңгімесі

Бейімбет Майлиннің ағартушылық көзқарасы «Алғашқы сабақ», «Ауыл мектебі», «Бақберген мектебі», «Түйебай» әңгіме, пьесаларында айқын танылады. Жазушы көбіне оқудың мән-мағынасын қарапайым сюжетпен адамдар тағдырының шынайы көрінісі арқылы шебер жеткізеді. «Түйебай» әңгімесі әлеуметтік жағдайға тәуелсіз балалықтың бал дәуренін еркін кешкен ауыл балаларының сол жылы молдадаға оқуға баруынан басталады. Ескіше оқуының мағынасыздығын танытқысы келген автор молданың портретін беруде жағымсыз көніл-күй қалыптастырса, іс-әрекеті арқылы әділетсіз қоғамның бет бейнесін ашық көрсетеді. Өздері малайлықта жоқшылық тауқыметімен жүрсе де, ата-анасы Түйебайды молдаға оқуға береді. Қай заман болсын оқуға деген көзқарас жоғары. Дегенмен, молда оқуының балаға берері аз, мағынасыз. Молданың қатал тәртібі мен талабының астарында әлеуметтік теңсіздік мәселесі бой көрсетеді. Автор «Сен бақыттысың ғой» деген сөзді Түйебайдың «әлденеге телміріп, қызығып қараған» көзімен айтқызады. Сол арқылы Түйебайлардың тағдырының ауырлығын тереңдете түседі. Кейіпкерінің бірінші жақта баяндауы түрінде жазылған әңгіме оқырманның «аяушылық сезімін оятып, көзіне жас үйіреді».
31751
115
Тэгтар
Free
Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы
Қате туралы хабарландыру