Кіру

Ш. Мұртаза. Бесеудің хаты. 1-бөлім

  • Ш. Мұртаза. Бесеудің хаты. 1-бөлім-1
  • Ш. Мұртаза. Бесеудің хаты. 1-бөлім-2
  • Ш. Мұртаза. Бесеудің хаты. 1-бөлім-3
  • Ш. Мұртаза. Бесеудің хаты. 1-бөлім-4
  • Ш. Мұртаза. Бесеудің хаты. 1-бөлім-5
  • Ш. Мұртаза. Бесеудің хаты. 1-бөлім-6
  • Ш. Мұртаза. Бесеудің хаты. 1-бөлім-7
  • Ш. Мұртаза. Бесеудің хаты. 1-бөлім-8
  • Ш. Мұртаза. Бесеудің хаты. 1-бөлім-9
  • Ш. Мұртаза. Бесеудің хаты. 1-бөлім-10
  • Ш. Мұртаза. Бесеудің хаты. 1-бөлім-11
  • Ш. Мұртаза. Бесеудің хаты. 1-бөлім-12
  • Ш. Мұртаза. Бесеудің хаты. 1-бөлім-13
  • Ш. Мұртаза. Бесеудің хаты. 1-бөлім-14
Жиырмасыншы ғасырда халқымыздың басынан небір нәубет өтті. Соның бірі ¬– ашаршылық. Ұжымдастыру науқаны халқымызды негізгі кәсібі мал шаруашылығынан ажыратып, малынан айырған еді. Малынан айрылған ел жаппай аштыққа ұрынды. Қолдан ұйымдастырылып, халқымызды қынадай қырған сол зымиян саясатқа ашық қарсылық танытып, сын сәтте батылдық танытқан қазақ зиялылары да болды. Сталинге арналғанымен, Голощекиннің қолына түскен “Бесеудің хатын” Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Емберген Алтынбеков, Мұташ Дәулетқалиев, Қадыр Қуанышев сынды ел азаматтары бірігіп жазған еді. Наразылық хаты сұрапыл кезеңнің шындығын көрсеткен құжат ретінде тарихта қалды. Бодандыққа көнгісі келмейтін өр рухтың бұлқынысынан Кремль де сескенді. “Бесеудің хаты”: “... Мал басының қисапсыз кемiп кетуi мен көптеген қазақ аудандарын қамтып, адамдардың жаппай қырылуына әкеп соққан ашаршылық жөнiнде әлi күнге дейiн ауыз ашпай отыру қаншалықты дұрыс?..» деген батыл сауалмен басталып, дәлелді дәйектермен жалғасады.

Осы хаттың негізінде белгілі қаламгер Шерхан Мұртаза «Бесеудің хаты» тарихи драмасын жазды. Пьесада хат Голощекиннің қолына түскеннен кейінгі бюро жиналысы бейнеленеді. Шығарма Ғабиттің ұлттың мүддесін қасқайып тұрып қорғап, шындық үшін басын өлімге тіккен ерлігін көрсетеді. Ел ішінде болып жатқан сұмдық оқиға Ғабиттің әңгімесімен беріліп, оқырманның жүрегін шымырлатады. Жазушы бюро отырысы соңында Голощекиннің көзіне тура қарап: “Сендер қисапсыз қылмыстарыңнан мәңгі бақи құтыла алмайсыңдар. Ал, атыңдар!” деп қасқаяды. Жазушы сөзі қазақтың жоқшысы болар азаматтардың бар екенін, әлі де туылатынын сездірген еді.

Пьеса эпилогы Тұрар Рысқұлов пен Ғабит Мүсіреповтің ана дүниедегі пайымдарымен аяқталады. Екі тұлғаның елесі тамұқты кезіп жүріп, халықты азаптаған залымдардың өздері азапқа түсіп жатқанын көреді.

«Бесеудің хаты» ¬- жас ұрпаққа азаттықтың қандай қасіретпен келгенін ұғындырар сүбелі туынды.
39697
106
Тэгтар
Free
Қазақ әдебиетінің аудиохрестоматиясы
Қате туралы хабарландыру