Кіру

«Жаңашыл мұғалім–2017» Байқауы

«Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының ережелері

Байқау туралы
Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар
Байқау кезеңдері
Байқаудың аяқталу мерзімі

Мақсаты

  • Мұғалімнің әлеуметтік және кәсіптік беделін көтеру;
  • Педагогикалық инновацияларға қолдау көрсету;
  • Оқыту барысында заманауи технологиялар қолданылған педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау және тарату.

Байқау шарттары

  • Қатысушылар міндетті түрде білім беруші www.bilimland.kz, www.itest.kz және www.imektep.kz ресурстарының жазылушылары болуы шарт;
  • Байқау жұмыстары Байқау талаптарына сәйкес болуы шарт. Жұмыстың құрылымы мен безендіруін автор өз мақсатына лайықтап, өзіндік шешіммен үйлестіруіне болады;
  • Байқаудың 1-кезеңінен өтпеген қатысушылар 2-кезеңге жіберілмейді;
  • Қатысушылардың Байқауға жұмысын жіберуі BMG компаниясына сабақ жоспарларын, атап айтқанда, видео және электронды мәтіндік материалдарды www.bilimland.kz сайтында және өзге де әлеуметтік желілерде жариялауға рұқсатын бергендігі болып саналады.

Байқауды ұйымдастыру кеңесі

Байқау жұмыстарын тәуелсіз сараптама комиссиясы бағалайды.
  • Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталып, ақшалай сыйлыққа ие болады:
    • «Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы – 500 000 (бес жүз мың теңге);
    • «Тәрбие сағатындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы – 500 000 (бес жүз мың теңге);
    • «Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ҰБТ-ға дайындауда қолдану» аталымы – 500 000 (бес жүз мың теңге);
    • «Шағын жинақты мектептегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы – 500 000 (бес жүз мың теңге);
  • Бұдан кейінгі 10 үздік жұмыс иесіне білім беруші www.bilimland.kz және www.twig-bilim.kz порталдарына жарты жылға тегін жазылу мүмкіндігі беріліп, Байқауға қатысқандығы жөнінде сертификат табысталады.

Байқау жұмыстары қабылданатын мерзім:
1-кезең 10.01.17 - 27.02.17 аралығы
2-кезең 13.03.17 – 01.05.17 аралығы

Байқау жұмыстарын бағалау мерзімі:
1-кезең 28.02.17 – 12.03.17 аралығы
2-кезең 01.05.17 – 18.05.17 аралығы


Байқау қорытындысы www.bilimland.kz порталында және әлеуметтік желілерде 2017 жылдың 18 мамырында жарияланады.
Жеңімпаздарды марапаттау және дипломдары мен сыйлықтарын табыстау рәсімі 2017 жылдың 25 мамырында өткізіледі.
Келесі

Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар

Байқауға:
  • Бастауыш және орта білім беру мекемелері (орта мектеп, гимназия және лицей) оқытушылары;
  • Білім беру мекемелеріндегі сынып жетекшілері қатыса алады.
Қатысушылардың білім беру саласындағы еңбек өтілі 3 жылдан кем болмау керек және әрбір қатысушы жұмыс орнынан жұмыс істейтіндігі жөніндегі анықтаманың электрондық нұсқасын ұсынуы тиіс (байқауға анықтамасыз қатыстырылмайды).
* Байқау ҚР аумағында ғана жүргізіледі.

Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар

  • Сабақ және сынып сағаттары жоспары, тест кешені методикалық тұрғыдан сауатты болуы;
  • Сабақ және сынып сағаттары жоспарына міндетті түрде білім беруші www.bilimland.kz ресурстарының мультимедиялық материалдары (видеофильмдер, анимацияланған презентациялар, мультимедиялық слайд-шоу, интерактивті жаттығулар, симуляторлар, диаграммалар, сызбалар, жұмыс парақтары және т.б.) кіріктірілуі;
  • Тәжірибелік қолданысқа мән берілуі; 
  • Жұмыс сапалы безендірілуі; 
  • Авторлық идеяның бірегей болуы; 
  • Авторлық құқық сақталуы тиіс.
Артқа
Келесі

Байқауды өткізудің тәртібі мен мерзімі

Байқау екі кезеңнен тұрады

1-кезең. Сабақ жоспары

  • Таңдалған аталым бойынша жасалған сабақ жоспарын word пішінінде жіберу;
  • Қатысушы байқауға бір аталым бойынша ғана қатыса алады.
Мерзімі: 10.01.2017 - 27.02.2017 аралығы

Аталымдар

«Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымыwww.bilimland.kz ресурстары кірістіріліп әзірленген толық сабақ жоспары.
Шарты: Байқау жұмысы ретінде жіберілген сабақ жоспарында білім беруші bilimland.kz порталының кемінде екі ресурсы үйлестіріле кіріктіріліп берілуі тиіс.
Мысалы:
  • Витуалды зертхана + Математика
  • Видеожинақ + iTest
  • Қазақ әдебиеті + Аудиохрестоматия
  • iMektep.kz + Бастауыш математика
* Мұғалім шығармашылық ойымен басқа ресурстарды да біріктіре алады

«Тәрбие сағатындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымыwww.bilimland.kz порталындағы «Видеожинақ» ресурсы («Сынып сағаты тақырыптары» бөлімі) қолданылған сынып сағаты жоспары.
Шарты: Байқау жұмысы ретінде жіберілген тәрбие сағаты жоспарына www.bilimland.kz порталындағы «Видеожинақ» ресурсының материалдары кірістірілген болуы тиіс.

«Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ҰБТ-ға дайындауда қолдану» аталымы – белгілі бір пәннен:
  • Физика;
  • Химия;
  • География;
  • Геометрия;
  • Биология;
  • Дүниежүзі тарихы;
  • Қазақ/орыс әдебиеті;
  • Шет тілі (ағылшын, француз, неміс);
  • Информатика т.б. тест кешенін (жаңа үлгіде) дайындау.
Шарты: Байқауға қатысушы жаңа үлгіде дайындалған, дұрыс жауаптары көрсетілген 30 тест тапсырмасынан тұратын тест кешенін жіберуі тиіс. Оның:
  • 20 тесті бір дұрыс жауабы бар тест;
  • 10 тесті бірнеше дұрыс жауабы бар тест үлгісінде құрастырылуы тиіс.

«Шағын жинақты мектептегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымыwww.bilimland.kz порталы ресурстарын шағын жинақты мектепте қолдану үлгісінің толық жоспары.
Шарты: Байқау жұмысында шағын жинақты мектеп мұғалімінің (мектептегі сыныптарды оқыту типінің ерекшелігіне байланысты) www.bilimland.kz порталы ресурстарын оқушылардың өзіндік жұмысымен үйлестіре бір сәтте бір немесе екі сыныпқа тиімді қолдана алғандығы көрінуі тиіс.

2-кезең. Видеопортфолио

Видеоревю және видеоүзінді бөліктерінен тұрады.

Видеотаныстыру – ұзақтығы 5 минуттан аспайтын видеожазбада:
  • Қатысушының өзі туралы сөзі (бұл кәсіпті неге таңдағаны және оның маңызы жайлы);
  • АКТ-ны пайдаланып сабақ берудің дәстүрлі оқыту үлгісінен артықшылығы туралы ойы;
  • www.bilimland.kz платформасының ерекшелігі мен тиімділігі жөніндегі пікірі қамтылуы тиіс.
Видеоүзінді – www.bilimland.kz платформасы ресурстарын қолданып өткізген сабағының (тәрбие сағатының) 10 минуттан аспайтын үзіндісінің видеожазбасын жіберу. Онда:
  • www.bilimland.kz платформасы ресурстарының сабақтың/сынып сағатының мақсат-міндетіне сәйкес кез келген кезеңде қолданылған сәті;
  • Мұғалім-оқушы арасындағы немесе оқушылардың бір-бірімен өзара қатынаста (оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмысы) әрекет түрлері көрсетілуі тиіс.
Мерзімі: 13.03.2017 – 01.05.2017 аралығы
Артқа
Жұмысты жүктеу
Өкінішке орай, Сіз «Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының екінші кезеңіне қатыса алмайсыз.
Артқа