Средняя школа №49

Средняя школа №49 - Bilimland.kz
Средняя школа №49
Средняя школа
Адрес:
Сарыадыр, 3
Электронный адрес:
Сайт:
Добавлено: 24.11.2024
3241
Бүгінгі таңда білім беру мен тәрбиелеу жүйесіндегі ХХІ ғасырдың озық ойлы, патриот тұлғасын қалыптастыруда ұлттық тәлім-тәрбие берудің маңызы зор. Осы бағытта педагогика ғылымдарының кандидаты, ҚР «Оқу ісінің үздігі», қазіргі «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының директоры Құрманбаева Майра Жаноразқызының авторлығымен «Мың бала» жобасы Астана қаласы Білім басқармасының «Мың бала» жобасы арқылы мектепті басқару эксперимент алаңы туралы» 2009 жылы 5 қарашадағы № 641 бұйрығымен тәжірибеге енгізілді. Нәтижесінде мектеп оқушылар мен мұғалімдері арасында бірлескен шығармашылық топтар қалыптасты. Жоба аясында 2010 жылы «Даңқ», «Тәуелсіздік», «Ұлттық тәрбие», «Мың бала», «Жас өркен» жаңа жобадағы кабинеттері мен «Адамды тану...» педагогикалық-психологиялық таным орталығы ашылып, мектеп қабаттары орталықтандырылды: І қабат – «Жасыл өлке» ІІ қабат – «Өнер» ІІІ қабат - Жұлдыздар әлемі ІҮ қабат – «Білім-ғылым орталығы». 2010 жылы «Мың бала» жобасы қалалық деңгейде өзін-өзі тану курстарында насихатталды. «Мың бала» жобасы негізінде «Техникалық шығармашылық» орталығы, «Өнер» музыка мектебі және өзге қосымша білім беру ұйымдарымен байланыс орнатылды. 2011 жылы мектеп оқушыларының білім деңгейін арттыру мақсатында педагог қызметкерлер арасынан «Шығармашылық орталық» тобы, «ҰБТ-ға дайындық» орталығы, «Жас мамандар» орталығы, «Озық тәжірибе тарату» топтары құрылды. 2012 жылы«Мың бала» жобасы тамыз көрмесіне қойылып, қала мектептеріне таныстырылды. «Мың бала» жобасы аясында «Дебат», «Көңілді тапқырлар» клубы, «Сәулет өнері», «»Жас бағдарламашылар», «Тележурналистика» бағыттары ашылды. 2013 жылы жаңа үлгідегі «Жас суретші», «Жас шахматшы», «Жолда жүру», «Этнопедагогика» кабинеттері ашылды. «Мың бала» жобасы аясында мектепте қалалық, республикалық, халықаралық деңгейде тәжірибе алмасу семинарлары өткізілді. 2010 жылы қазан айында Алматы қаласында өткен «Мектепті басқарудың үздік үлгісі» республикалық шығармашылық жоба қорғау байқауында «Мың бала» жобасы жүлделі орын иеленді. 2010 жылы қараша айында «Этнопедагогика патриархы» Н. Волковтың қатысуымен «Білім берудің этнопедагогикалық негіздері: теория және практика» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. 2011 сәуір айында «Мың бала» жобасы бойынша Байқоңыр қаласынан келген делегаттардың қатысуымен Республикалық семинар өткізілді. 2012 жылы қазан айындағы «Шығыс Қазақстан облысындағы Астана күндері» бағдарламасы аясында өткен «Отбасы, мектеп және қоғам: қоғам игілігі үшін өзара әрекеттестігі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция мен «Білім беру саласындағы басқарушылық менеджмент» атты дөңгелек үстелде мектепте 2008 жылдан бастап эксперименталды алаң ретінде енгізілген «Мың бала» жобасының қызметі облыс көлемінде кеңінен насихатталды. 2013 жылы қараша айында Шығыс Қазақстан облысында Астана қаласынан келген делегаттардың қатысуымен өткен «Мың бала» жобасы: жаңашылдықтан болашаққа» аймақтық семинарына 130-дан астам Шығыс өңірінің білім саласының қызметкерлері, бұқаралық ақпарат өкілдері қатысты. 2013 жылы мамыр айында «Мың бала» жобасы: теориядан тәжірибеге» республикалық семинары өтті. Семинарға Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Ә.Т.Бимендина, Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының басшысы М.М.Ахметова, Шығыс Қазақстан облысының делегаттары және «Мың бала» жобасының авторы М.Ж.Құрманбаева , Астана қаласының білім беру ұйымы директорлары мен орынбасарлары қатысты. Мектепте «Мың бала» жобасының жылдық жұмысын мерекелік фестивальмен қорытындылау дәстүрге айналған. Фестивальда инновациялық жоба аясында нәтижелі жұмыс атқарған педагог қызметкерлер мен оқушыларға арнайы «Мың бала» жобасының сертификаттары табысталады.