Школа-лицей №53

Школа-лицей №53 - Bilimland.kz
Школа-лицей №53
Лицей
Адрес:
Қарқабат, 17
Электронный адрес:
Сайт:
Добавлено: 24.11.2024
3726
26 тамыз 2010 жыл елорданың педагог-мамандары өткен оқу жылына барлау жасап, алдағы мiндеттердi айқындау үшiн дәстүрлi Тамыз кеңесiне жиналды. Бұл алқалы жиынға Астана қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетов қатысып, баяндама жасады. Жиында алдымен сөз алған Бiлiм басқармасының бастығы Әсима Бимендина өткен оқу жылындағы жетiстiктер жөнiнде әңгiме өрбiттi. Әсима Бимендина айтуынша, астаналық бiлiм ұйымдарының өткен оқу жылындағы жетiстiктерi жаман болмағанын айтты. Тамыз кеңесiнiң ең қуанышты сәтi – марапаттау рәсiмi болды.Өткен оқу жылында Астананың әр мектебi өз сайтын ашқаны жұртшылықтың есiнде болар. Оған қалалық байқау да жарияланғантын. Жиын барысында «Үздiк мектеп сайты» конкурсының қорытындысы шығарылып, I орынды №53 мектеп иелендi. Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов Дипломды №53 мектеп-лицей директоры Қазбек Жәкенұлы Әбдірәсіловке табыс етті. №53 мектеп-лицейінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов пен ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевтің қатысуымен «e-learning» электрондық білім беру пилоттық жобасын іске қосу шарасы өтті. «Бұл жаңа оқу жылында электрондық білім берумен қамтылатын Астана мен Алматы, сонымен қатар Қарағанды облысындағы 44 білім беру ұйымдары (мектептер, колледжлер, кәсіби лицейлер) арасындағы пилоттық жобаның тұңғыш іске қосылуы», - Бұл жобаның негізігі мақсаты «e-learning» - ақпараттық коммуникациялық технологиялардың көмегімен әркезде және әрқашан білім алу. Қазақстанда электрондық білім беру жүйесін енгізудің басты мақсаты – ауыл мен қала оқушыларына әлемдік білім беру қорларын бірдей қолжетімді ету. Барлық білім беру ұйымдарында арнайы инфрақұрылым құрылады. Ондағы барлық компьютерлер Интернетке шығатын жергілікті немесе сымсыз желілерге біріктірілетін болады. Жоба аясында 4-10 мбит/сек. жылдамдықтағы кеңжолақты Интернет әр білім беру ұйымында қызмет көрсететін болады. Білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы ең жаңа жабдықтармен, оның ішінде планшетниктермен нығайтылатын болады. Оқу процесін автоматтандыру (электронды журнал, электронды күнделік, жоспарлау) мұғалімдердің есеп беру мен жоспарлауды құру кезіндегі еңбегін айтарлықтай жеңілдетеді. Цифрлы білім беру қорлары республиканың ең үздік мұғалімдерімен тәжірибе алмасуда және оқытуда жаңа мүмкіндіктер ашады. «Sms-хабарлау» жүйесі ата-аналарға өз баласының мектептегі өмірі туралы көбірек білуіне мүмкіндік береді.