BilimBox Нұсқаулық

BilimBox – интернет жылдамдығы нашар немесе интернет желісіне мүлдем қосылмаған білім беру мекемелері үшін ең ыңғайлы шешім

Бұл құрылғыда біздің негізгі білім беру өнімдеріміз BilimLand, iTest, iMektep орнатылған. BilimBox мектептің локальді жүйесіне қосылған барлық компьютерлердің білім беру ресурстарына қосылуын қамтамасыз етеді.

Нұсқаулық PDF Жүктеу
 

1 BilimBox жиынтығына не кіреді?

BILIM Box компьютері

BILIM Box CD дискісі

Қуат беру блогына арналған қуатты кабель

Желілік кабель

2 BilimBox-пен жұмысты қалай бастаймыз?

1 Құрылғыны қораптан алып шығыңыз.

Қуат көзі кабелін электр желісіне қосыңыз.

3 Жиынтықтағы желілік кабельді пайдаланып BilimBox компьютерін
өз локальді желіңізге қосыңыз.

4 VGA кабелін қолданып мониторды BilimBox компьютеріне қосыңыз.

5 BilimBox компьютерінің USB порттарына пернетақта мен тінтуірді қосыңыз.

6 Қосу батырмасын басыңыз.

Mozilla Firefox веб-шолғышын іске қосыңыз.

BilimBox операциялық жүйесінің толық жүктелуі аяқталғаннан кейін браузер терезесінде
BilimBox бастапқы парақшасы ашылады:

«IP-адрес» жолына BilimBox-ке арналған мектептің локальді желісінің бірегей IP-мекенжайын енгізу керек:

Бұл IP-мекенжай BilimBox құрылғысында ары қарай да қолданылып,
Сіздің мектебіңіздің барлық компьютерлерін BilimBox білім беру
ресурстарына кейін тағы қосу кезінде идентификатор болады.
Сол себепті де берілген IP-мекенжай бірегей болуы тиіс және
өзге құрылғылар мен компьютерлерде қолданылмауы керек.

10 Өз желіңізге сай «Маска сети» және «Шлюз» енгізіңіз:

Негізгі шлюзді енгізу міндетті емес. Ол тек BilimBox-ты интернетке кіру үшін қолданғыңыз келсе ғана керек.
Барлық жолдарды толтырып болған соң «Далее» батырмасын басыңыз. Ары қарай желіні баптау процесі басталады.

11 BilimBox желісі сәтті орнатылғаннан кейін құрылғыны қашықтықтан басқару үшін құпиясөз баптауларына
арналған жаңа терезе ашылады. Бұл кезеңде admin логинімен авторизация
жасау үшін жаңа құпиясөзді 2 рет енгізу керексіз:

BilimBox-те авторизация жоқ, сол себепті бөгде адамдарды, соның ішінде оқушыларды жақындатпау керек.
Құпиясөзді енгізу және растау аяқталған соң «Завершить» батырмасын басыңыз

3 BilimBox ресурстарын мектеп желісіне қосылған компьютерлерге қалай орнатамыз?

1 Мектептің локальді желісіне қосылған компьютерлерді жинақтағы BilimBox CD дискісі арқылы баптаймыз.

2 BilimBox CD дискісін мектеп желісіне қосылған кез келген компьютерге қосамыз. Бұл жинақтаушыда BilimBox орнатушысы бар, осы орнатушыны іске қосу керексіз.

"Далее" батырмасын басыңыз, алдыңызда BilimBox-ты желілік баптау кезінде енгізген IP-мекенжай көрсетілген терезе ашылады.

Егер IP-мекенжайға арналған жол бос болса, онда BilimBox-ты баптау кезінде (6-бетте) көрсеткен IP-мекенжайды қайта енгізу қажет. Бұл мекенжай мектеп желісіне қосылған барлық компьютерлерге бірдей енгізіледі.

4 Ары қарай орнатушы процесті дербес түрде жалғастырады.

5 Орнату аяқталғаннан кейін "Закрыть" батырмасын басып орнатушы терезесін жабуға болады.

6 Компьютеріңіздің жұмыс үстелінде үш таңбаша пайда болады. Бұлар BilimBox-тың білім беру ресурстары – BilimLand, iTest, iMektep.

4 BilimBox-ты қалай өшіреміз?

1 BilimBox CD дискісін дискжетекке салып, орнатушыны іске қосыңыз.

Алдыңызда орнатушының бастапқы терезесі ашылады.

3 Ары қарай BilimBox баптауларын өзгерту парақшасы ашылады, "Удалить" батырмасын басыңыз.

4 Келесі терезеде BilimBox-ты компьютеріңізден өшіруді растау үшін қайтадан "Удалить" батырмасын басу керексіз.

5 Өшіру процесінің аяқталуын күтіңіз.

6 BilimBox-ты өшіру процесі аяқталды.