BilimDesk Нұсқаулық

ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ
МЕКТЕПТЕР ҮШІН ЕҢ ҮЗДІК КӨМЕКШІ

BilimDesk – локальді желі және интернетке мүлдем қосылмаған білім беру мекемелері үшін ең ыңғайлы шешім. Бұл құрылғыда біздің негізгі білім беру өнімдеріміз BilimLand, iTest, iMektep орнатылған.

НҰСҚАУЛЫҚ PDF ЖҮКТЕУ
  1. Қорапты ашыңыз. Орама ішіндегі заттарды абайлап алыңыз.
  2. USB кабелінің кіші жалғағышын HDD-ға қосыңыз. Ал 2 USB кабелінің үлкен жалғағышын компьютеріңіздің немесе ноутбугыңыздың кез келген бос USB 2.0 немесе USB 3.0 портына қосыңыз. HDD компьютерге қосылса, онда құрылғының LED индикаторы жанады.
  3. Windows* операциялық жүйесі орнатылған компьютер қажетті драйверді автоматты түрде тауып алады және орнатады. Windows-та BilimDesk деп аталатын «Локальный диск» шығады, ал Windows-тың тапсырмалар тақтасында алынып салынатын құрылғының пиктограммасы пайда болады.
  4. «Мой компьютер»-ге кіріңіз.
  5. BilimDesk дискісін ашыңыз.
  6. Дискінің директориясында BilimDesk.exe-ні іске қосыңыз. Сәтті іске қосылудан кейін BilimDesk ресурстарымен жұмысты бастауға болады.
Жұмысты аяқтағаннан соң USB құрылғыны ажыратып қойыңыз.
Назар аударыңыз! Ешқашан LED индикаторы жанып тұрғанда сыртқы HDD-ді ажыратпаңыз.

BilimDesk дегеніміз не?

BilimDesk – локальді желі және интернетке қосылмаған білім беру мекемелері үшін ең ыңғайлы шешім. Бұл құрылғыда біздің негізгі білім беру өнімдеріміз BilimLand, iTest, iMektep орнатылған.

BilimDesk-ті қалай қолданамыз?

BilimDesk-ті қолдану нұсқаулығы жоғарыда көрсетілген.

Бастапқы іске қосуда қателіктер шығуы мүмкін бе?

BilimDesk-ті бастапқы іске қосу кезінде жеке компьютерде орнатылған вирусқа қарсы бағдарлама әсерінен жүйелік қателер орын алуы мүмкін, себебі операциялық жүйе USB флеш карта және қатқыл диск сияқты сыртқы құрылғылардан жүктелетін бағдарламалар орнатуға жол бермейді.

BilimDesk-ті бастапқы іске қосу кезінде туындаған қателіктерді қалай түзете аламыз?

Егер BilimDesk-ті бастапқы іске қосу кезінде жүйелік қателер пайда болса, Сіз осы сілтеме бойынша барлық қажетті жүктелетін файлдарды жүктей аласыз.