20 игі іс

06 Шіл 2015
Жаңалықтар
20 игі іс
2010

BI Group компаниясы трейдинг компаниясы ретінде 1995 жылы құрылған. Жүйелі жұмыс нәтижесінде 2005 жылы елдегі ірі құрылыс компаниясына айналып үлгерді. Холдинг тұрғын үй, коммерциялық жылжымайтын мүлік, жолдар мен өндірістік нысандар салу, құрылыс материалдарын өндіру ісі бойынша Қазақстанға ғана емес одан тысқары жерлерге де кең қанат жайған.

Аталған жоба аясында компания таяуда мүмкіндігі шектеулі балаларға мобильді USB-интернетті ноутбуктер сыйлады. Әрбір балаға сый ретінде ұсынылған кешенде қашықтан оқыту бағдарламасы ретінде BilimLand.kz платформасы орнатылған.

BilimLand.kz білім беруші онлайн платформасы – Қазақстандағы электронды оқыту нарығындағы Bilim Media Group инновациялық компаниясының өнімі. 

Bilim Media Group компаниясы оқыту мазмұнын құрастыру, локализация жасау, сондай-ақ осы істермен байланысты  технологиялар мен қызметтерді таратумен айналысады. Компания ұжымы заманауи технологиялар арқасында сапалы білім бәріне қолжетімді боларына бек сенімді.

Балаларға ұсынылған BilimLand.kz кешені әртүрлі жастағы балаларды оқытуға арналған курстардан тұрады. Бірегей интерктивті кешендегі мектепке дайындық, тіл үйрету, жаратылыстану бағытындағы пәндер топтамасы және математика курстары балалардың үйде отырып-ақ оқып біліп, таным көкжиегін кеңейтуіне зор мүмкіндіктер береді.

 

BI Group компаниясының BilimLand.kz білім беруші онлайн платформасы орнатылған USB-интернетті ноутбуктеріне ие болған балалардың қуанышында шек болған жоқ.

– Мен өз ноутбугімнің болғанын армандаушы едім, – деді Аяжан Есебаева. Енді менің ноутбугім бар. Тек бұл ғана емес, қашықтан оқыту бағдарламасы арқасында мен де өз қатарластарымнан қалмай оқитын болдым. Мен сүйікті пәнім математикадан жетістіктерге жететініме сенімдімін.

Балаларын қолдауға келген ата-аналар да балаларымен бірге қуанып, сезімдерін бөлісті.

– Қашықтан оқыту бағдарламасы балаларымызға пайдалы болары сөзсіз. Себебі олар білім алумен қатар, компьютер, интернетті пайдалануды үйренеді ғой. Бұл жайт болшақта, мүмкін, өздеріне жұмыс тауып алуына септігін тигізер. BI Group компаниясына барлық ата-ана атынан үлкен алғыс айтамын – деді Махаббат Бекмахамбетова.

 

«BI Group-қа 20 жыл – 20 игі іс» жобасы компанияның 20 жылдық мерейтойына арналған. Компания қызметкерлері жыл бойы жоба аясында өзге компаниялардың қолдауымен 20 игі істі жүзеге асырмақшы.

Ізгі іс ескірмейді, игілік шектелмейді. Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің! Игі ісіміз арта берсін! 

 

 
Конкурс
BI Group компаниясы қашықтан оқыту бағдарламасын сыйлады

1Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 12:05
Жарайсыздар.