Сәуір: оқиғалар мен атаулы күндер

02 Сәу 2015
Блог
Сәуір: оқиғалар мен атаулы күндер
1940

Құрметті блог оқырмандары!

Сәуір айындағы маңызды әрі қызықты оқиғаларға қысқаша шолу жасауды ұсынамыз.

  • 7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні (World Health Day). 1948 жылдан бері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы құрылғаннан бастап, жыл сайын атап өтіледі (World Health Organization, WHO). Әлемнің 194 мемлекеті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше. Денсаулыққа әсер етуші негізгі факторлар Twig-Bilim.kz топтамасының фильмдерінде және BilimLand.kz порталындағы «Тамақтану және өмір салты» атты виртуалды симуляторында қарастырылған. Аталған материалдар семіздіктің зияны, омега-3 майының пайдасы, көміртексіз емдәм тәртібі және калория тұтыну туралы білім көкжиегіңізді кеңейтіп, өрісіңізді арттырады.

 

Здоровье интелек карты питание у упражнения

  • 12 сәуір – ғылымның жеңіске жеткен күндерінің бірі, бүкіл әлемде осы күн адамның ғарышқа алғаш ұшуымен байланысты Авиация және ғарышкерлік күні (Space Probe Day) ретінде белгіленген. Дәл осы 12 сәуірде Қазақстан Республикасында ғылым саласындағы қызметкерлердің кәсіби мейрамы аталып өтіледі. Бұл мейрам 2011 жылы ел президентінің жарлығымен бекітілген. Мейрамды атап өтуші барлық адамдарды құттықтаймыз және біздің BilimLand.kz көптілді білім беру порталындағы ғылым және білім әлеміне назар аударып, кіріп көруді ұсынамыз.

 

  • 23 сәуір - Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні. Бұл күн балалар және жасөспірімдер әдебиетіндегі асқақ мұраттарды насихаттау және адамзат қоғамының әлеуметтік және мәдени дамуына зор үлес қосқан тұлғаларды құрметтеу мақсатында белгіленген. Қазіргі әлемде электронды кітапханалардың мемлекеттің мәдениетін сақтау және дамытуда маңызы өте зор. Мысалы, қазақ және әлем әдебиетінің қазақ тіліндегі үлкен электронды қорын ұсынушы Kitap.kz немесе BilimLand.kz білім беру порталындағы Қазақ әдебиеті курсындағы шығармалардың аудиожинағы қазақ тіліндегі әлем әдебиеті мен қазақ әдебиетіне қызығушы барлық адамға қолжетімді де ыңғайлы кешен екені сөзсіз.

 

Kitap.kzKazakh-adibiet BilimLand


Татьяна Альбертовна Сарсенова 

BilimLand.kz онлайн ресурсының үйлестірушісі 

0Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз