ОҚО–дағы ресуртық орталық

03 Сәу 2017
Байқау
ОҚО–дағы ресуртық орталық
715

Бүгінгі жаңа технологиялардың қарыштап дамыған заманында білім беруге, білім беру жүйесін жаңғыртуға айрықша көңіл бөлінуде. Осы тұрғыда Bilim Media Group компаниясы да мұғалімдермен жұмысқа көп көңіл бөліп, бірқатар игі іс-шаралар атқарып жатыр. Айта кетсек, bilimland.kz білім беру платформасының қолданушыларына арнап жыл сайын дәстүрлі түрде «Жаңашыл мұғалім» байқауын және семинарлар мен тренингтер өткізу, сондай-ақ жаңа заман мұғаліміне қажетті техниканың соңғы жетістіктерімен жабдықталған ресурстық орталықтар ашу.

Бұл ресурстық орталықтардың басты мақсаты – мұғалімдерге АКТ-ны және Bilimland онлайн ресурстарын сабақта пайдалануды үйрету. Алғашқы ресурстық орталық «Astana Bilim Lab» деген атпен Астана қаласында 2015 жылы маусым айында ашылды, ал екінші «Almaty oblysy Bilim Lab» деп аталатын ресурстық орталық Талдықорған қаласында 2016 жылдан бастап жұмыс істеп тұр. Жақын арада үшінші ресурстық орталық Шымкент қаласында ашылады. ОҚО Білім басқармасының әдістемелік орталығына қарасты жаңа ресурстық орталық заманауи қажетті техникалық құралдармен толығымен жабдықталды: Apple компаниясының iMac дербес компьютерлері, 55 FULL HD TV теледидары және Bilim Media Group компаниясының жаңа бірегей құрылғысы Bilimbox. Бұл ресурстық орталықта алдағы уақытта Шымкент қаласының және жалпы ОҚО мұғалімдерінің АҚТ-ға қатысты біліктілігін жетілдіру семинар-тренингтері жүргізіледі. 

Ал біз өз кезегімізде оқыту үдерісінде АКТ-ны оңтайлы қолдануда аталған ресурстық орталықтардың көмегі тиіп, білім беруді жаңғыртуда бірге жетістіктерге жетеміз деп сенеміз.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Айгүл Мамбеталі
19 қазан 2017 ж. 23:39
Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін.