Шағын жинақты мектептегі АКТ

Шағын жинақты мектептегі АКТ

Республикамызда орта білім беретін мектептердің жартысынан көбі шағын жинақты мектептерге жатады. Шағын жинақты мектеп –оқушыларының саны аз, біріктірілген сыныптардан және толық емес сыныптардан тұратын, білім беруді ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар, халқының саны аз шалғай ауылдарда жұмыс істейтін жалпы білім беру мекемесі. Шағын жинақты мектеп мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктеледі, себебі бір уақытта әртүрлі жастағы және зейіндері мен қабылдауы мүлдем бөлек оқушылармен жұмыс істеуге тура келеді.

Шағын жинақты мектеп мәселесіне Bilim Media Group компаниясы «Жаңашыл мұғалім-2017» байқауын ұйымдастыру кезінде ерекше мән берді. Басты мақсат ШЖМ-дағы АКТ-ны қолдануды арттыру және мұғалімдерге кәсіби қолдау көрсету болды.

ШЖМ-ның ізденімпаз мұғалімдері байқаудан тыс қалмай, байқауға аталған аталым бойынша жұмыстарын жолдады. Тәуелсіз сараптама комиссия келіп түскен әрбір жұмысты мұқият тексеріп, әділ бағасын берді.

«Шағын жинақты мектептегі АКТ» аталымы бойынша бірауыздан Бардаль Сергей Владимирович жеңімпаз болып танылды.

 

Бардаль Сергей Владимирович
Конкурс
Жеңімпаздың видеоүзіндісі
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбинка ауылы
Мектеп: ШЖМ Новорыбинка орта мектеп-балабақшасы
Пәні: информатика
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм түрлері

Бұл сабаққа тәуелсіз комиссия сарапшысы Шолпан Әмірханқызы: «Сабақта қолданылған АКТ сабақтың мазмұнына толық сәйкес келді, сабақ жанды әрі қызықты өткізілді. Сабақ жоспары өте сауатты құрылды. Ұстаз сабақтың әр кезеңінде АКТ-ны ұтымды қолдана білді. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылар топтық, жұптық және жекелей жұмыстарды көрсете білді және бар ынталарымен мұғалім берген тапсырмаларды орындады, сабақта жасандылық болмады» деп баға берді.

Жеңімпазды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!