BilimLand
BilimLand BilimLand

ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ «ҮЗДІК ӘДІСКЕР» МАРАПАТЫ

07 Қар 2017
Блог
ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ «ҮЗДІК ӘДІСКЕР» МАРАПАТЫ
1247

Назар аударыңыз! Бүгін, 7 қараша күні BilimLand ресурстарына жауапты облыстық және аудандық әдіскерлердің арасынан үздікті анықтайтын республикалық марафон басталды. Марафонның аяқталу мерзімі – 25 желтоқсан сағат 00:00. Жеңімпаздар тізімі 27 желтоқсан сағат 17:00 дейін BilimLand.kz сайтында жарияланады.

 

Жүлде қоры – 500 000 теңге!

 

Облыстық үздік әдіскер 200 000 теңге көлемінде, ал аудандық үздік әдіскерлер үштігі 100 000 теңгеден сыйақы алады.

 

«Үздік әдіскер 2017» марапатының талаптары:

 

1) Аккаунттарды 100% іске қосу

2) Сайтқа кіру бойынша жоғары көрсеткіш (кіру саны)

3) Интерактивті сабақтардың көп қаралуы (максималды қаралым)

4) Сабақтар қаралымының максималды ұзақтығы

5) Интерактивті сабақ бөліктерін қолданудағы белсенділік

6) Берілген барлық аккаунттың кемінде 50%-ының белсенді болуы

 

* Ағымдағы көрсеткіштерге қарамастан барлық облыс және аудан әдіскерлері қатыса алады.