BilimLand
BilimLand BilimLand

Жаңашыл мұғалім-2018

04 Жел 2017
Блог
Жаңашыл мұғалім-2018
38334

Жыл сайын bilimland.kz сайты ұйымдастыратын, жаңашыл мұғалімдердің білімі мен білігі сынға түсетін бұл байқау республика көлемінде танымал болып үлгерді. Байқаудың мақсаты – мұғалімдердің оқытуда АКТ-ны қолдану көрсеткішін арттыру және педагогикалық инновацияларға қолдау көрсету.

Байқау жұмыстары 2017 жылдың 4 желтоқсанынан бастап қабылданады.

Жүлде қоры – 2 000 000 теңге.

Байқау екі кезеңнен тұрады, төрт аталым бойынша жүргізіледі:

  • Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

  • Тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындықта қолдану;

  • Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Байқаудың басты шарты – мұғалімдердің оқытуда bilimland.kz ресурстарын АКТ-ның негізгі құралы ретінде пайдалана білуі және шығармашылық әлеуетін танытуы.

Қосымша ақпаратты bilimland.kz сайтынан, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздан vk, facebook, instagram оқи аласыздар.

Bilimland.kz білім беру платформасын белсенді пайдаланатын білім және тәрбие беру мекемелерінің барша қызметкерін байқауға қатысуға шақырады!

Биылғы жылдың жаңашыл мұғалімі бәлкім сіз шығарсыз, қатысыңыз, жеңімпаз атаныңыз!

Байқау ережелерімен мұқият танысып шығыңыз

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Гулзира Рыспаева
17 қаңтар 2018 ж. 23:59
АКТ-ны қолдану мүмкіндігі болса, сабақ үстінде тікелей пайдаланатын мәліметтер жеткілікті екен. Сайтқа тіркелген ұстаздарға шығармашылық табыстар тілеймін!
Кадиша Галымова
17 қаңтар 2018 ж. 23:32
Сабаққа тиімді, мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де көмекші. Рақмет, шығармашылық табыс тілеймін!
Асылтас Габдулахитова
17 қаңтар 2018 ж. 22:49
Сіздерге рахмет. Тапсырмалар ұнады.
Бибигул Махамбетова
17 қаңтар 2018 ж. 21:31
Сайт қызметкерлеріне көп рахмет, шығармашылық табыстар тілеймін.
temirlan.34
17 қаңтар 2018 ж. 21:28
Сәлеметсіздер ме. Байқауға қатысушы суретке орамалмен түссе бола ма?
Бота ДүйсекееваCайт модераторы
17 сағат бұрын
Сәлеметсіз бе, иә, жіберуіңізге болады.
Асиям Имирова
17 қаңтар 2018 ж. 21:08
Сайт маған ұнады. Материалдарды өз сабақтарымда пайдаланамын. Керекті ақпарат саны мол және маңызды. Сіздерге табыс, зор денсаулық тілеймін!
Жулдызай Абдінасырова
17 қаңтар 2018 ж. 20:52
Сіздерге рахмет! Жас маман ретінде өзіме қажетті материалдарды осы жерден алып жатырмын.
Асиям Имирова
17 қаңтар 2018 ж. 20:49
Сайтқа көп рақмет! Сіздерге көп табыс тілеймын, өз сабақтарымда сабақ үлгілерін қолданамын.
Алтын Жумагалиева
17 қаңтар 2018 ж. 18:18
Bilimland сайтына көп-көп рақмет. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін.
Перуза Тультаева
17 қаңтар 2018 ж. 17:57
Сәлеметсіздер ме! Мен бүгін ғана тіркеліп отырмын. Сайт өте керемет екен! Әсіресе, мұғалімнің өзіндік білім көтеруіне, сабаққа пайдалануына өте қолайлы. Сіздерге алғысым шексіз!