АКТ бойынша семинар

12 Қаң 2017
Байқау
АКТ бойынша семинар
1546

Мұндай кездесуді өткізудің басты мақсаты педагогтерді бүгінгі білім беруде пайдаланылатын интеренет-сервистермен таныстыру еді: Google-дің барлық тиімді құралдары: Google +, іздеу, карталар, күнтізбек, Google Disc, пошта, аудармашы, блогтар, презентациялар (таныстырулар), контактілер, Youtube, Hangouts, Wikipedia, Tedx және басқалар. Сонымен қатар, тыңдаушылар барлық жастағы балаларды оқытуға арналған, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі 18 000-нан астам сабақ салынған bilimland.kz білім беру платформасымен танысуға мүмкіндік алды.

Bilimland платформасының мұғалімдер үшін оқу үдерісін ұйымдастыру барысында да, сабақтан тыс іс-шараларды өткізу кезінде де аса тиімді екені көрсетілді; әдістемелердің әр алуандығы мұғалімге оқыту үдерісін қызықты форматта жоспарлауға мүмкіндік бере отырып, оқу материалын жеңіл меңгеруге ықпал етеді; оқу модульдерінде иллюстративті материалдар көп, оның ішінде анимациялық роликтер, диаграммалар, кестелер, сызбалар, ойын түріндегі интербелсенді тапсырмалар.

Семинарға 97 тыңдаушы қатысты. Олар – Ақтоғай ауданының барша мұғалімдері, «Альянс Ресурстық орталығы» атты инновациялық пилоттық жоба болып саналатын айрықша білім беру мекемесі Шашубай кентіндегі «Мектеп-балабақша кешені» базасындағы тірек мектебінің (ресурстық орталық) КММ педагогтері.

Семинар жағымды ахуалда өтті, ал ресурстардың алуан түрлілігі мен оларды қолданудың қарапайымдылығы тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Нартай Әшім және Сәрсенова Татьяна сынды (Bilim Media Group компаниясының өкілдері) кәсіби тренерлер мұғалімдерді толғандырған өзекті мәселелер бойынша сұрақтарға жауап беріп, өз ұсыныстарын білдірді.

Ұйымдастырушылардың пікірінше кездесу жемісті өтті. Шашубай кенті орта мектебінің оқытушылар құрамы, олардың оқытудағы инновациялық технологияларды қолдануға деген терең қызығушылығы мен жоғары кәсібилігі біздің де көңілімізден шықты. Осындай тренингтен кейін біздің пайдаланушылар порталымыздың ресурстарын барынша тиімді қолданады деген үміттеміз және мұндай кездесулер практикасы әрі қарай өз жалғасын табады деп сенеміз.

2Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 11:00
Семинарлар көп бола берсін...
У. Айназарова
У. Айназарова
30 қазан 2017 ж. 17:18
Әр өңірде осындай бас қосу семинарлары өткізілсе қандай керемет!