«АКТ-ны қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымының жеңімпаздары

04 Мау 2018
Блог
«АКТ-ны қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымының жеңімпаздары
571

Қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындық кезінде оқушыларға цифрлық ресурстарды жан-жақты қолдану өте тиімді. Цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану оқушының әр тақырыпты терең түсініп, есте сақтауына мүмкіндік береді.

Биылғы «Жаңашыл мұғалім-2018» байқауында «АКТ-ны қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындықта қолдану» аталымы бойынша қазақ, орыс тілдерінде 18 жұмыс финалға өтті. Биылғы байқауға келіп түскен және финалға өткен әртүрлі бағыттағы жұмыстардың көп болуына байланысты тәуелсіз сараптама комиссиясы екі жеңімпазды анықтады. Олар: физика пәні мұғалімдері Жақыпова Айнұр мен Алмабеков Ермек.

Жақыпова Айнұр Әзімханқызы
Конкурс
Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылы
Мектеп: №251 М. Әуезов атындағы орта мектеп
Пән: Физика
Сынып: 11
Жұмыс тілі: қазақ 
 
 
 

 

Байқаудың тәуелсіз сараптама комиссия мүшесі, «Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының жеңімпазы Ниязбекова Айгүл, Айнұр Әзімханқызының сабағына: «Мұғалім сабақта топтық жұмысты жақсы жүргізген. Оқушылар тапсырмалардың орындалуын өздері түсіндіріп өтеді. Сабақты үштілділік саясатына сәйкес құруға тырысқан. BilimLand.kz сайтындағы физика курсын және виртуалды зертхананы ҰБТ-ға дайындықта ұтымды пайдалануды көрсете алды. Сабақты «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен сәтті байланыстырды. Сабақтың соңында оқушылар әр ресурс туралы пікірлерімен бөлісті» деп баға берді.

Алмабеков Ермек Алмабекұлы
Конкурс
Алматы облысы, Есік қаласы
Мектеп: Абылай хан атындағы орта мектеп
Пән: Физика
Сынып: 11
Жұмыс тілі: орыс 
 
 
 

 

Келесі жеңімпаз Алмабеков Ермек те сабағында оқушылардың жеке және топтық жұмыстарын ұтымды ұйымдастыра білуімен, сайт ресурстарын тиімді қолдануымен ерекшеленді. Педагог сабағында қазіргі және дәстүрлі сабақ беру тәсілдерін шебер ұштастыра білген.

Жеңімпаздарға алғысымызды білдіріп, еңбектеріңізге жеміс және шығармашылық табыс тілейміз!

6Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Налибай Байбеков
Налибай Байбеков
22 маусым 2018 ж. 21:30
Биіктерден көріне беріңіздер!
Аманкул Қарабекова
Аманкул Қарабекова
18 маусым 2018 ж. 14:52
жеңістеріңіз құтты болсын!
Салима Оспанова
Салима Оспанова
8 маусым 2018 ж. 15:45
Жеңістеріңіз құтты болсын!
Айжан Догдорхан
Айжан Догдорхан
7 маусым 2018 ж. 17:30
Өте жақсы айтылған.
Мекерия Сейдағалиев
Мекерия Сейдағалиев
6 маусым 2018 ж. 11:57
Жеңімпаздарды құттықтаймын! Керемет.
zhmb.2442
zhmb.2442
9 маусым 2018 ж. 9:37
құттықтаймын. Еңбектеріңіз жана берсін