АКТ-ны ҰБТ-ға дайындауда қолдану

06 Мау 2017
Байқау
АКТ-ны ҰБТ-ға дайындауда қолдану
1592

11-сынып  оқушылары мен ата-аналар үшін маңызды кезең, алда үлкен сынақ – ҰБТ тапсыру күтіп тұр. ҰБТ әрбір оқушыдан білім мен еңбекті талап етеді. Дәл осы сынаққа мұқият дайындалу және сүрінбей өту үшін Bilim Media Group iTest электронды жаттықтырғышын ұсынады.

iTest.kz оқушылардың ҰБТ мен ТКТ-ны нәтижелі тапсыруларына таптырмас көмекші құрал бола алады. Басты мақсат – оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда мұғалімдерге көмек көрсету және оқушылардың өздеріне кез келген жерде, кез келген құрылғы арқылы сапалы дайындалуларына мүмкіндік беру.

Биылғы «Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының бір аталымы «АКТ-ны ҰБТ-ға дайындауда қолдану» деп аталуының басты себебінің бірі түлектерге қолдау көрсету болды. Осы аталым бойынша жеңімпаз болып тарих пәнінің мұғалімі және бітіруші 11-сынып жетекшісі Ниязбекова Айгүл Иманбекқызы танылды. 

 

Ниязбекова Айгүл Иманбекқызы
Конкурс
Жеңімпаздың видеоүзіндісі
Астана қаласы
Мектеп: №75 гимназия
Пәні: тарих

Бұл сабақ тәуелсіз комиссия мүшелері тарапынан оң бағасын алды. Тәуелсіз комиссия сарапшыларының бірі, Ұлттық тестілеу орталығының тест құрастырушысы, әдіскер-мұғалім Алтай Махмұдұлы: «Ұстаз сабақтың әр кезеңінде АКТ-ны ұтымды қолдана білді. iTest электронды жаттықтырғышын сабақта, факультатив сабақтарда, олимпиадаларға дайындық кезінде тиімді пайдаланды. ҰБТ-ға дайындалуда АКТ-ның орны ерекше және электронды жаттықтырғышты оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, оңтайлы қолдануға болатынын көрсете алды» деп баға берді.

Жеңімпазды лайықты жеңісімен құттықтаймыз!

9Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Гаухар Раимбекова
Гаухар Раимбекова
27 ақпан 2018 ж. 14:27
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймын!
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 10:22
Құтты болсын!!!
Бану Оразалина
Бану Оразалина
3 ақпан 2018 ж. 21:25
Құтты болсын!
Жупар Сагитова
Жупар Сагитова
25 қаңтар 2018 ж. 9:17
КЕРЕМЕТ.
Мырзатаева Айнур
Мырзатаева Айнур
10 желтоқсан 2017 ж. 20:31
Құтты болсын!
іңкәр Бердімұратова
іңкәр Бердімұратова
4 қараша 2017 ж. 18:46
жеңісіңіз құтты болсын!
Қалыбек Абитов
Қалыбек Абитов
1 қараша 2017 ж. 17:18
тамаша жетістік
Қалыбек Абитов
Қалыбек Абитов
1 қараша 2017 ж. 17:18
әріптестің жетістігіне ортақпыз
С. Хисова
С. Хисова
30 қазан 2017 ж. 17:15
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймын!