Ақпан айының танымал адамдары

23 Ақп 2015
Жаңалықтар
Ақпан айының танымал адамдары
1974

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар!

Сіздерге кезекті жазбамды ұсынып отырмын. 

Ақпан айы қыстың соңғы айы және басқа айлармен  салыстырғанда ең қысқа ай. Ақпан айында да басқа айлар сияқты танымал адамдар дүниеге келіп, ғылыми жаңалықтар ашылып, білім саласына сүбелі үлестер қосылып жатыр.

Енді осындай маңызды ақпараттар легін санамалап шығайық:

BilimLand Darwin12 ақпан – дүниежүзіне танымал Чальз Дарвиннің дүниеге келген күні. Атақты британ ғалымының эволюция теориясын жасауда еңбегі зор. Ч.Дарвин "Бигль" кемесімен 1831—1836 жылдары саяхат жасап Галапагосс аралының өсімдіктері мен жануарларының түр құрамын зерттеді. Бұл аралда құстардың 25 түрі мекен ететіндігін анықтады және күрделі гүлді өсімдіктер тұқымдасының 20 түрін жинады. Саяхаттан оралғаннан кейін Дарвин түрлердің шығу тегін зерттеу керек деп өз алдына үлкен мақсат қойды. Ч.Дарвин эволюциялық теорияны бірінші болып ашпағаны белгілі, бірақ ол эволюция — "өзгергіштіктің әсерінен болатын құбылыс және ол тек табиғи заңдылықтардың әсерінен дамитынын" түсіндіріп, эволюциялық процесті бірінші болып нақтылады. Біздің Twig-Bilim ресурстарымыздан Чарльз Дарвиннің атымен байланысты фильмдерді көріп тамашалаңыздар.


           Дарвиннің дилеммасы                                           Эволюция: Дәлелдер

Twig DarwinTwig Owl


BilimLand Alessandro Volta Сіздер “вольт” сөзін күнде болмаса да, жиі еститін боларсыздар. Осы сөз қайдан шыққанын білесіздер ме? Осы атау электр тоғы туралы ғылымның негізін қалаушы адамның құрметіне қойылған болатын. Сонымен 18 ақпан – электр ілімінің негізін қалаушы Алессандро Вольтаның туған күні. Алессандро Вольта (1745-1827) италиян физигі және химигі. Ол 1800 жылы химиялық батарея жасап шықты, соның арқасында электр тоғын химиялық реакциялар көмегімен алу мүмкіндігі туды. Сонымен Вольт — электр тоғының кернеуін, потенциалдар айырмасын анықтайтын халықаралық өлшем. Оның халықаралық белгілеуі — V; біздің елдегі белгілеуі — В.

 

Электр энергиясы туралы толығырақ білу үшін сайтымызға келіңіз. Төмендегі суретте Физика пәніндегі "Электр және тізбектер" бөлімінің тақырыптары берілген. Сіздер ұсынылған сегіз фильмнен тақырыбыңызға сәйкес келетінін таңдап, электрмен байланысты қызықты да пайдалы мәліметтерді біле аласыздар.

BilimLand Physics Electricity

Жоғарыда айтылған тақырыптарды сабақ барысында қолдану оқу үрдісін қызықты және тиімді ете түсетіне сенімдіміз. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін!

 


Бақытгүл Орынбасарқызы Салыхова

Педагогика ғылымдарының кандидаты

 

1Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Әсем Нұралықызы
Әсем Нұралықызы
7 ақпан 2018 ж. 12:24
Сіздер берген тақырыптарыныз маған қатты ұнады.