BilimLand білім беру платформасы білім сапасын арттыру жолында БАҰО «Өрлеумен» бірге

30 Нау 2018
Байқау
BilimLand білім беру платформасы білім сапасын арттыру жолында БАҰО «Өрлеумен» бірге
2597

Bilim Media Group компаниясы ұйымдастырған «BilimLand ресурстары білім берудегі АКТ құралы ретінде» тақырыбындағы семинар-тренингтер БАҰО «Өрлеудің» Қазақстанның әр облысындағы 18 филиалында өтті.

Семинар-тренингтерге қатысқан Өрлеу қызметкерлерінің bilimland.kz білім беру платформасындағы интерактивті сабақтар мен анимациялық фильмдерге деген қызығушылықтары жоғары болды. Тренингтің мақсаты – bilimland.kz білім беру платформасы бойынша орталық әдіскерлерін ұстаздармен жұмыс жүргізуге дайындау.

БАҰО «Өрлеу» қызметкерлері bilimland.kz білім беру сайтындағы жаратылыстану ғылымдары бағытындағы химия, физика, биология пәндерінің интерактивті сабақтары мен виртуалды зертхана материалдарына ерекше назар аударды. Twig-bilim.kz сайтындағы үздік оқытушы дәрістер де тренингке қатысушыларды қызықтырды.

Компанияның авторлық жобасы болып есептелетін, қазақ тіліндегі бастауыш мектеп пәндерін толық қамтыған iMektep.kz сайтына да тренингке қатысушылар жоғары баға берді. Сонымен қатар, гуманитарлық бағыттағы интерактивті сабақтар мен қазақ және орыс тілдеріндегі аудиохрестоматиялар қатысушыларды бей-жай қалдырмады. Қазақ әдебиеті мен руханиятының бай мұрасын жинақтап, ұсынып отырған kitap.kz ашық кітапханасына деген ықылас та зор болды.

Тренингке қатысқан барша «Өрлеу» қызметкерлеріне алғысымызды білдіріп, еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Алдағы уақытта мемлекеттік білім беру бағдарламалары аясында бірлесіп игілікті еңбек ететінімізге, цифрлық технологиялар арқылы білім саласына жаңа серпіліс әкелетінімізге сеніміміз мол.

19Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Лэйля Бекетаева
Лэйля Бекетаева
24 сәуiр 2018 ж. 19:01
Мереке Жақсыбаеваның пікірін жандандырып, музыка паніне де назар аударылса деимін.
Лэйля Бекетаева
Лэйля Бекетаева
24 сәуiр 2018 ж. 18:57
Өте керемет, алғысым шексіз.
Мейрамкуль Серикова
Мейрамкуль Серикова
12 сәуiр 2018 ж. 9:08
Еңбектеріңізге жеміс тілеймін! Бірлесе көтерген жүк жеңіл! Осындай тренингтер жиі өтілсін!
Балжан Орманова
Балжан Орманова
11 сәуiр 2018 ж. 21:29
Керемет көп ақпараттар алдым:)
Роза Мелдебекова
Роза Мелдебекова
11 сәуiр 2018 ж. 14:00
Бастауыш сынып бағдарламасына сай материалдар қамтылса дұрыс болар еді. Рахмет
Алтынай Саркобенова
Алтынай Саркобенова
9 сәуiр 2018 ж. 12:54
Өзіме керекті ақпаратты толық ала аламын. Үлкен рахмет!
Клара Назымбекова
Клара Назымбекова
6 сәуiр 2018 ж. 22:47
Еңбектеріңіз жемісті болсын.
Лаззат Айдаралиева
Лаззат Айдаралиева
6 сәуiр 2018 ж. 22:15
Математика пәнінен өзіме қажет материалдарды алдым. Көп-көп рахмет!
Сабит Раимкулов
Сабит Раимкулов
6 сәуiр 2018 ж. 17:32
Дене шынықтыру пәнін енгізсеніздер...
мереке жаксыбаева
мереке жаксыбаева
6 сәуiр 2018 ж. 6:16
Музыка пәнінен көбірек қамтыса екен...