BilimLand сайтындағы Аудиохрестоматия курсының толықтырылуы

02 Сәу 2018
Байқау
BilimLand сайтындағы Аудиохрестоматия курсының толықтырылуы
9172

BilimLand сайты – білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы жетекші білім беру платформаларының бірі. Платформа отыз мыңнан астам интерактивті сабақтан құралған, яғни цифрлық материалдардың ең үлкен қоры осы жерде жинақталған. BilimLand ұжымы платформа материалдарын тек ұсынып отырған жоқ, үнемі жаңартып, толықтырып та отырады. 

Сайтымызға кейіннен қосылған жаңа ресурстың бірі – орыс тіліндегі аудиохрестоматия. Курс әлем әдебиеті жауһарлары мен орыс классиктері шығармаларының бірегей топтамасынан құралған. 

Осы жаңа курс сайтымызға қосылғалы бері біздің пайдаланушыларымыздан курс материалдарын ҚР мектеп бағдарламасына сәйкес шығармалармен толықтыру туралы ұсыныстар толассыз келіп тұрды. Ал бүгін біз сіздерге жаңартылған, ҚР мектеп бағдарласы шығармаларымен толықтырылған Аудиохрестоматия курсын ұсынғалы отырмыз. 

Курс материалдарын толықтыру жұмыстары Алматы қаласындағы М. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры әртістерімен бірлесіп жүзеге асырылды. Әлем және орыс әдебиетінің 204 шығармасын театр әртістері дыбыстады. Компания тарапынан редакторлар, суретшілер, инженерлер және дыбыс инженерлері осы жобаға қатысты. Берілген шығармалар Қазақстан Республикасы мектеп бағдарламасына сай таңдалды. 

Толықтырылған, жаңартылған курс тек оқушы үшін ғана емес, жалпы көзі қарақты оқырман үшін де пайдалы болады деп үміттенеміз. Сөз өнерін қадірлеп, әлем мәдениетіне бейжай қарамайтын оқырман талғамынан шығамыз деп сенеміз.

87Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Эльмира Нысанова
Эльмира Нысанова
5 маусым 2018 ж. 15:38
Керемет сапалы, құнды мәліметтерініз үшін алғысым шексіз!
Нургуль Мархабаева
Нургуль Мархабаева
11 мамыр 2018 ж. 11:26
bilimland тек алға!
Гульназ Иззатова
Гульназ Иззатова
7 мамыр 2018 ж. 23:35
Сәлеметсіздер ме! Оқу жылы басталғалы сіздердің сайттарыңызбен жұмыс жасап келемін. Сапалы және құнды ақпараттарыңыз үшін рахмет!
Манарай Есболова
Манарай Есболова
30 сәуiр 2018 ж. 10:58
Өте керемет! Жақсы қажетті дүние алудамыз.
Жаксигалиев Ергазы
Жаксигалиев Ергазы
27 сәуiр 2018 ж. 14:21
Оқылуы жақсы екен. Дикциясы өте жақсы.
Лэйля Бекетаева
Лэйля Бекетаева
23 сәуiр 2018 ж. 7:58
Қайырлы таң! Өте керемет, маған да ұнады. Сәттілік тілеймін.
Айнұр Қанзатова
Айнұр Қанзатова
21 сәуiр 2018 ж. 20:58
Ұжымдарыңызға көп-көп раxмет.
Лаззат Айдаралиева
Лаззат Айдаралиева
19 сәуiр 2018 ж. 9:09
Ұжымдарыңызға көп-көп рахмет!
Кемер Уразбеков
Кемер Уразбеков
16 сәуiр 2018 ж. 10:38
Ұжымдарыңызға көп-көп рахмет. Жаңа заман талабына сай. Материалдық және рухани әдіс-тәсілдеріңізге.
Гаухар Нуратаева
Гаухар Нуратаева
16 сәуiр 2018 ж. 10:18
Саламатсыздар ма, маған ұнады ұжымға сәттілік тілеймін!