BilimLand порталы Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде

10 Нау 2015
Тренинг
BilimLand порталы Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде
2019

Бұл жылдың басы кездесулер мен семинар-тренингтерге толы жыл болып отыр. Осы жылдың 20 ақпанында Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 17 мектептің кітапхана меңгерушілерінің кездесуі болып өтті. Осы жиынға Bilim Media Group компаниясының мамандары да келіп әдемі әңгіме, ойлы пікірталас жүргізді. 

Бұл кездесуде «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы «Білім беру бағдарламалары орталығының» бас менеджері Агадил Аида Тулендиевна, «BMG» ЖШС-ның атқарушы директоры Санжар Кенжеханұлы және кітапхана меңгерушілері мен мектеп мұғалімдері болды.

Бұл кездесудің басты мақсатына екі жақты серіктестіктің одан әрі де тиімді жүзеге асуы мен BilimLand.kz білім ресурстарын оқу үрдісінде оңтайлы қолдану мәселелері шығарылды.  

Кездесуді алғысөзбен Агадил Аида Тулендиевна мен Санжар Кенжеханұлы ашты. Сонан соң презентацияларға кезек берілді, қатысушылар интернет-ресурстарды қолдану мүмкіндіктерімен, сайт навигациясымен, қолдану жолдарымен танысты. Сонымен бірге ресурстарды қолдану статистикасы сөз болып, жұмысты жақсарту, серіктестікті нығайту жолдары  талқыланды.

25 ақпанда компаниямыздың әдіскер-тренерлері мектептің “Шаңырағына” шақырылды. Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары  «Шаңырақ» болып бөлінеді және осы Шаңырақтарда оқушылар қауымдастығы түрлі жұмыстар атқарады. «Шаңыраққа» әртүрлі жастағы оқушылар топтастырылады – 12 және 9, 11 және 8, 10 және 7. Әр «Шаңырақ» өзінің ерекше белгілерімен көзге түседі, олардың эмблемасы, ұраны, ерекше түсі және кураторы бар. 

Бұл кездесуде 7, 8 және 9 сынып оқушыларына өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап табуға, үш тілде ұсынылған  BilimLand ресурстарының қыр-сырларын жетік білуге мүмкіндік жасалды. Ойлы оқушылардың талабы, танымы, қызығушылығы таңқалдырмай қоймады, біз оларға сәттілікпен қатар білім алуда тек жетістіктерге жетулеріне тілектеспіз.

Әр кездесуден кейін мұғалімдер мен оқушылардан тек қана жағымды әсер қалады, болашаққа сенім ұялататын осындай жастарымыз көп бола берсін деп тілейміз. Сонымен бірге білім кеңістігіндегі түрлі онлайн ресурстар оқушылардың білім алуға құштарлығын еселей түсіп, биіктерден көрінулеріне көмектеседі деп сенеміз.


 Бақытгүл Орынбасарқызы Салыхова

Педагогика ғылымдарының кандидаты

4Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Гаухар Раимбекова
Гаухар Раимбекова
1 наурыз 2018 ж. 14:36
Керемет сайт.
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 16:28
Керемет!
ile16.100
ile16.100
1 қараша 2017 ж. 23:23
осындай семиналар биздин мектептерге де келсе екен өте керемет сіздерге үлкен үлкен рахмет
ile16.100
ile16.100
1 қараша 2017 ж. 23:22
керемет сайт рахмет ұжымға