Биылғы ҰБТ былтырғыдан өзгеше

21 Мау 2017
Блог
Биылғы ҰБТ былтырғыдан өзгеше
4245

Әр жылдың маусым айы – мектеп түлектері үшін маңызды әрі жауапты  кезең. Он бір жыл алған білім сыналып, нәтижесі анықталатын шешуші сәт – ҰБТ тапсыру уақыты да келіп жетті. Баласының үлкен өмірге басқан алғашқы қадамының сәтті болуын тілеп, ата-ана көңілі күпті, биылғы ҰБТ өзгерістері қалай болар екен деп бала да алаңдаулы. Қоғамымызда биылғы ең көп талқыланған мәселелердің бірі – форматы өзгерген ҰБТ сынағы.

Сонымен, биылғы ҰБТ қалай өтеді? Шарты қандай? Не нәрсе өзгерді, не нәрсе қалды?

ҰБТ биыл тек жоғары оқу орнына түсу емтиханы болып өзгерді. Ал, мектептегі емтихан өз алдына дербес, бағасы аттестатта қалады, ҰБТ-ға әсер етпейді. Талапкер аттестатын алған соң жоғары оқу орнына тапсыратынын немесе арнаулы кәсіптік білім алатынын өзі шешеді, таңдау жасауға мүмкіндігі бар.

Биылғы басты ерекшелік ҰБТ-ға екі бейіндік пән қосылды, бұл пәндердің әрқайсысына отыз сұрақтан беріледі. Осы отыз тапсырманың он сұрағының бірнеше дұрыс жауабы бар. Талапкер барлық  нұсқаны дұрыс таңдаса – 2 балл, бірнеше дұрыс жауаптан 1 қате кетсе – 1 балл, 2 немесе одан көп қате – 0 балл алады. Ал енді міндетті пәндерге келетін болсақ, олар – математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы, Қазақстан тарихы. Міндетті пәндер 20 тест сұрағынан тұрады, бұрынғыдай бір дұрыс жауапты тест тапсырмалары беріледі.

Бұрын қазақ және орыс тілдерінен берілген тапсырмалар нәтижесі есептелмейтін, қазір барлық пән бойынша дұрыс жауаптар есептеледі.

Биылғы тағы бір ерекшелік – мектеп түлегінің таңдаған мамандығына байланысты 2 бейіндік пән жұптасып беріледі. Мысалы, математика және физика, математика және география, тарих және география, биология және химия т.б. Бұдан талапкердің мамандық таңдау аясы кеңи түсті.

Колледж түлектері тапсыратын ТКТ-ға да бірқатар өзгерістер енді. Түлек алған мамандығын жалғастыратын болса, тек екі бейіндік пәннен тест тапсырады. Сондай-ақ, республикалық және халықаралық байқаулар мен ғылыми жобалардың жүлдегерлеріне, «Алтын белгі» иегерлеріне арнайы грант бөлінбейді. Олардың тест нәтижелері өзге талапкерлермен бірдей болған жағдайда ғана, жүлдегерлерге басымдық беріледі.

Талапкер үшін ҰБТ өмірлік маңызы зор әрі жауапты сәт екені белгілі. ҰБТ-да жақсы нәтижеге жетудің ең негізгі жолы – талмай оқу. Тек оқу мен іздену жетістікке жетелейтінін тәжірибе дәлелдеді.

Жас дос, өмір атты үлкен жолға сапарды бастамас бұрын мақсатты айқындап, мамандықты дұрыс таңдау маңызды. Дұрыс шешім қабылдап, мамандықты жүрек қалауымен таңдап, биылғы бұрынғыдан өзгерек ҰБТ-ны сәтті тапсыруға тілектеспіз!

ҰБТ

24Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 10:19
Рахмет! Шығармашылықтарыңызға табыс тілеймін!!!
Анаргүл максимова
Анаргүл максимова
12 желтоқсан 2017 ж. 19:33
Шығармашылықтарыңызға табыс тілеймін!!!
Раушан Тазабекова
Раушан Тазабекова
12 желтоқсан 2017 ж. 16:41
Жұмыстарыңызға саттілік тилеймін және келе жатқан мерекелеріңізбен! Ағылшын тілінде тест сұрақтарын жіберіп отырсаңыздар.
Алия Тлеужанова
Алия Тлеужанова
8 желтоқсан 2017 ж. 20:23
Рақмет.
Мархабат Бакебаев
Мархабат Бакебаев
7 желтоқсан 2017 ж. 18:52
Саламатсыздар ма! Жұмыстарыңызға сәттілік! Сұрайын дегенім ағылшын тілінен жаңа форматтағы ҰБТ тест сұрақтарын қайдан алсақ болады?
Бота Дүйсекеева
Бота ДүйсекееваCайт модераторы
11 желтоқсан 2017 ж. 9:15
Ұлттық тестілеу орталығының басты бетіне http://www.testcenter.kz/entrants/ent/ сілтемесі арқылы өтіп көре аласыз. Сайтымызда жаңа форматтағы тест тапсырмалары алдағы уақытта болады.
Сағира Кішібай
Сағира Кішібай
7 желтоқсан 2017 ж. 15:14
ҰБТ-ға дайындық бойынша тест жұмыстарын жіберіп отырсаңыздар екен.
Сағира Кішібай
Сағира Кішібай
13 желтоқсан 2017 ж. 13:36
Рақмет.
Дархан Тайкенов
Дархан Тайкенов
7 желтоқсан 2017 ж. 13:14
Рақмет!
Зоя Махуовна Шаманаева
Зоя Махуовна Шаманаева
7 желтоқсан 2017 ж. 12:42
Математикалық сауаттылыққа тапсырмалар көбірек берілсе...
Роза Алибаева
Роза Алибаева
23 қараша 2017 ж. 21:54
Оқулықтарда әсіресе 10 сынып геометриясында тақырыптарға берілген есептер аз, сондықтан есептер жарияланып тұрса дұрыс болар еді.
Бакыт Акжигитова
Бакыт Акжигитова
21 қараша 2017 ж. 11:32
биылғы оқу жылында оқу сауаттылығы бойынша материалдар көбірек жарияланса...