Бүкіләлемдік мұхиттар күні

09 Мау 2015
Блог
Бүкіләлемдік мұхиттар күні
2217

1992 жылы Рио-де-Жанейрода (Бразилия) өткен Халықаралық конференцияда жаңа атаулы күн ретінде Бүкіләлемдік мұхиттар күнін белгілеу ұсынысы қабылданды; 2008 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы 2009 жылдан бастап, мейрам ресми түрде аталып өтілетіндігі туралы қаулы шығарды. Осылайша жалпы қоғам адам баласының күшін жұмылдырып, табиғатты сақтауға, мұхиттардағы жануарлар мен өсімдіктер әлемін қамқорлыққа алуға мүмкіндік алды.

Бүкіләлемдік мұхиттар күнін неліктен атап өтеді?

  • Күнделікті өмірде әлемдік мұхиттардың атқарар рөлін түсіндіру үшін;
  • Адам іс-әрекетінің мұхиттарға әсері туралы көпшілікті ақпараттандыру үшін;
  • Бүкіләлемдік мұхиттарды тиімді пайдалану мен қорғау жобасына планета тұрғындарын жұмылдырып топтастыру үшін.

Әлемдік мұхиттардың климатты реттеудегі рөлін атамай өту мүмкін емес. Себебі олар жүйе қалыптастырушы және ондағы су қоры көмірқышқыл газын сіңіретін негізгі орта болып саналады.

Ғалымдар әлемдік су бассейндерін: Атлант, Үнді, Тынық және Солтүстік Мұзды мұхит деп төрт үлкен мұхитқа бөледі. 

Әлемдік мұхиттар өте маңызды ғылыми зерттеулер нысаны болып саналады. Мұхиттарды зерттеумен океанология ғылымы айналысады. Мұхит құпияларына бойлаған сайын ғалымдар тіршілік дүниесінің жаңа қырларын танытып, бізге беймәлім болып келген теңіз жануарлары мен өсімдіктер әлемін ашуда.

Ал сіз осы бір шексіз сулы алқап, Жер бетіндегі тіршілікке өмір сыйлап отырған мұхит туралы қаншалықты білесіз?

  • Ең терең мұхит шұңғымасы – Тынық мұхитындағы Солтүстік Мариана аралдарына таяу тұстағы Мариана шұңғымасы.
  • Тынық мұхитының қазіргі атауын 1519-1522 жылдардағы экспедициясынан соң, португалдық теңізші және зерттеуші Ф.Магеллан берген. Магеллан бұл мұхитты “тыныш теңіз” деп атаған. Себебі оның осы мұхиттағы жүзу сапары барысында ешқандай дауыл да, дүлей жел де болмаған;
  • Теңіздегі кейбір тіршілік иелері күн сәулесі мүлдем түспейтін орталарда мекендейді. Олар тіршілік ету ауыр да қиын мекендерге қалай бейімделген?

Мұхит – орасан зор, шексіз, тіршілік түрлері сан алуан, сырлы құпияға толы біртұтас әлем. 

Әлемдегі мұхиттарды қорғау проблемасы бүгінгі күнде планетамыздың әрбір тұрғыны үшін маңызды.


 

1Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 12:12
Мұхит туралы қосымша білгеніме қуаныштымын. Рахмет!