Қазақстан мектептеріндегі «Футбол сабағы»

11 Мау 2018
Блог
Қазақстан мектептеріндегі «Футбол сабағы»
1546

Бұл әлеуметтік жобаға қазіргі уақытта еліміздің 214 мектебі қатысып отыр. «Футбол сабағы» жобасы бойынша дене шынықтыру пәніне сағаттар бөлініп, мұғалімдер оқушыларды ойын техникасымен таныстыруды бастап кетті. Мұның бәрі шәкірттің үлкен футболға дайындығын нықтай түсетініне сенім мол.

Жобаның мақсаты – оқушылар арасында футболға деген қызығушылықты арттырып, жастардың патриоттық сезімін оятып, салауатты өмір салтын насихаттау.

Жоба бойынша футбол сабақтарын өткізетін мұғалімдер үшін әр аймақта семинарлар мен шеберлік сағаттары ұйымдастырылды. Шеберлік сағаттарына «Астана», «Тараз», «Ордабасы», «Жетісу», сондай-ақ «Қайрат» футбол академиясының бапкерлері белсене қатысып, оқытуға атсалысты. Оқыту аймақтық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталықтары және футбол федерацияларында өткізілді.

Алдағы уақытта «Футбол сабағы» жобасы бойынша еліміздің барлық мектептерін қамту жоспарланып отыр.

13Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Кенжебек Мырзалиев
Кенжебек Мырзалиев
17 қазан 2018 ж. 22:52
Барлық мектепті қамтыса жақсы болар еді!
Торғын Тусупова
Торғын Тусупова
8 қазан 2018 ж. 11:17
Жезқазған қаласы №1 ЖОББМ "Футбол жобасы" сабағына енді
munaily6.38
munaily6.38
2 қазан 2018 ж. 15:21
Жас жеткеншектердің армандары орындала берсін!!! Керемет жоба екен.
ergali turlybekov
ergali turlybekov
26 қыркүйек 2018 ж. 13:40
Өте жақсы жоба екен. Еліміздің болашағы жастар қолында екеніне кәміл сенеміз. Біз ұстаздар қауымы әрдайым қолдап насихаттауға дайынбыз! Алға Қазақстан !
Актолкын Сауранбаева
Актолкын Сауранбаева
21 қыркүйек 2018 ж. 22:13
керемет, окушылар футболды ұнатады!
Жаксигалиев Ергазы
Жаксигалиев Ергазы
21 маусым 2018 ж. 12:40
Өте жақсы идея
Салтанат Жалмаханова
Салтанат Жалмаханова
21 маусым 2018 ж. 10:01
Керемет, бізге тек білімді бала ғана емес, сонымен қатар дені сау жарқын болашақты басқара алатын балалар қажет.
Майра Ауесбаева
Майра Ауесбаева
18 маусым 2018 ж. 12:58
Рахмет! шығармашылығымыз шыңдала берсін!
alm.9944
alm.9944
15 маусым 2018 ж. 20:02
Өте керемет жақсы.
Ерасыл Искаков
Ерасыл Искаков
13 маусым 2018 ж. 22:33
Өте керемет.