Mega BilimLand

24 Мау 2015
Жаңалықтар
Mega BilimLand
1953

5-15 жас аралығындағы балаларға арналған Mega BilimLand интеллектуалды ойындар мен сауық алаңы Сейфуллин даңғылындағы Mega Park - те: 27 маусым - да өтеді.

Аталмыш іс-шараның бас серіктесі электронды оқыту нарығын дамытушы Bilim Media Group компаниясы төрт алаңын ұйымдастырады:

  • BilimLand Kids – 4-10 жас аралығындағы балалар мен олардың ата-аналарына арналған интерактивті алаң. Балалар бұл алаңда интерактивті ойындар ойнап, әртүрлі жаттығулар мен логикалық жұмбақтарды шешіп, өлең айтып, уақыттарын қызықты өткізеді. 
  • BilimLand Лабораториясы – 11 жастан асқан балаларға арналған ғылыми-зертханалық алаң. Профессор айналамыздағы құбылыстарды қызықты тәжірибелер арқылы  қарапайым түрде түсіндіреді. Балалар топаралық сайыстарға қатысып, өз білімдері мен ептіліктерін тексере алады.
  • Жан мен тән тазалығы. Тәжрибелі психолог балалар арасындағы қарым-қатынасты жақсарту жолдарын көрсетіп, бала мен ата-ана арасында туындайтын қиындықтарды шешуге қатысты пайдалы кеңестер береді.  
  • Балаларға арналған йога.  Көру қабілетін жақсартатын және шаршауды бәсеңдететін түрлі жаттығулар өткізіледі.

Mega BilimLand алаңдарында бала мен ата-ана уақытын қызықты өткізіп қана қоймай, өздеріне пайдалы жаңа дүниелермен танысады. 

Толығырақ ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы білуге болады:

8 (747) 222 08 27;

8 (727) 376 35 02;

8 (701) 028 03 89 (10:00-20:00).

 

Кел де, керемет көңіл күйге бөлен!

Жазғы демалысыңды Mega Bilimland алаңында өткіз! 


 Татьяна Альбертовна Сарсенова

Координатор по онлайн-ресурсам BilimLand.kz

1Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 12:08
Болашақ балаларға арналған бағдарламалар екен, керемет...