МЕГА ЛЕГО

27 Мам 2015
Жаңалықтар
МЕГА ЛЕГО
1898

Жарыс барысында MEGA Alma-Ata 2 ССО LEGO-мен бірлікте кішкентай қатысушыларға арналған «Болашақтағы өз қалаңды құрастыр» шарасын өткізеді. Балалар үшін жас ерекшеліктеріне сәйкес әртүрлі жинақтардан  тұратын LEGO конструкторлармен ойындар ұйымдастырылады.

Ойын алаңдары төмендегідей зоналардан тұрады:

  • Мастер-класстар (бұл зонада балалар LEGO текшелерінен мұнаралар, фигуралар мен үлкен үйлер құрастыруды үйренеді). Әрбір қатысушы өз жобаларын құрылымдап, өздеріне қызықты модельдер жасай алады. Үздік құрылымдар Мейрамханалар галереясындағы көрме стендіне қойылады.
  • LEGO DUPLO зонасы LEGO текшелерімен енді танысып жатқан 4-5 жас аралығындағы кішкентай бүлдіршіндерге арналған. Мұнда олар LEGO DUPLO-ның негізгі модельдерін құрастыруды үйренеді.

31 мамыр күні сағат 12:00-18:00 аралығында 5-15 жастағы балалар арасында «Болашақтағы өз қалаңды құрастыр» LEGO Чемпионаты өтеді. Ол үшін Чемпионаттың қосымша зонасы жасақталады (3-қабат) Бұл зонада балалар өзара жарысып, LEGO  текшелерінен мұнаралар, фигуралар мен үлкен үйлер құрастырады.

«Mega-Lego» Чемпионатына шараны ұйымдастыру мен өткізуде серіктес саналатын Bilim Media Group командасы да қатысады.  Аталған жоба біздің компаниямыздың білім беруде сапалы әдістер мен заманауи технологияларды пайдаланып, білімді де озық жеке тұлға қалыптастыруға бағытталған басым бағдарлы стратегиясы болып саналады. 

Сондықтан да 31 мамыр күні MEGA Alma-Ata 2 ғимаратының 1-қабатында қосымша BilimLand зонасы жасақталады. Бұл жерде профессордың қатысуымен қызықты тәжірибелер жасалып, интерактивті ойындар ұйымдастырылады.

Әрбір қатысушы МEGA ССО-нан сыйлықтар алып, викторина мен байқау жеңімпаздары Bilim Media Group компаниясы ұсынатын Сыйлық сертификатына қол жеткізеді. Сертификатқа ие болған жеңімпаздар білім беруші көптілді порталға жазылуға мүмкіндік алады.

Біз қызығушылық танытқан барлық адамды LEGO Чемпионатына қатысуға және жағымды көңіл күйге бөленуге шақырамыз. 


                   Татьяна Альбертовна Сарсенова

             BilimLand.kz онлайн ресурсының үйлестірушісі

1Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
27 ақпан 2018 ж. 20:10
Көп рахмет.