MEGA PARK

29 Мау 2015
Жаңалықтар
MEGA PARK
1998

BilimLand-тің төрт алаңында балалардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылықтарына қарай әртүрлі бағдарламалар ұсынылды.

Балалар алаңында ағылшын тілінде қимыл-қозғалысты музыкалық ойындар ұйымдастырылды, балдырғандарға логикалық математикалық тапсырмалар мен зеректікті, сондай-ақ есту қабілеті мен жадты дамытуға арналған жаттығулар ұсынылды. Балдырғандар ата-аналарының көмегімен танымдық ойындардың барлығына балалық пейілмен сүйсіне, белсенді қатысты.

Жеткіншектерге арналған алаңда Профессор білімқұмар балалар үшін қызықты тәжірибелер көрсетті. Барлық сынақтар мен тәжірибелер ғылыми негіздемелермен егжей-тегжейлі түсіндіріліп, тақырыпқа арналған фильмдер көрсетумен дәйектеліп, виртуалды жаттықтырғыштармен жалғастырылып отырды. Бұл алаңда Алматы қаласындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушілері арнайы қонақ ретінде болды. Олар екі сағат уақытын BilimLand-пен бірге өткізіп, сұрақ-жауап сайыстары мен эстафеталарға қатысып, көтеріңкі көңіл күйге бөленді.

Балалар ойын алаңдарында ұйымдастырылған ойындарға белсене қатысып, білім беретін BilimLand.kz порталына 3 айлық жазылым сыйлық сертификатымен марапатталды. Сондай-ақ олар ұйымдастырылған шараның демеушілері: Сейфуллин даңғылындағы MEGA Park және «Хенкель Центральная Азия и Кавказ» ЖШС ұсынған сыйлықтарға ие болды.

Психолог алаңында балаларға өз қатарластарымен өзара түсіністікті жақсарту тәсілдері көрсетілді. Ата-аналар да бұл шаралардан тыс қалған жоқ. Оларға кәсіби психолог Сауле Чарышева балаларымен оң қарым-қатынас қалыптастыру жөнінде кеңестер берді.

Балалар, сонымен қатар, йога бойынша тәжірибелі нұсқаушымен бірге көру қабілетін жақсартуға арналған және орындалуы қиындық  тудырмайтын физикалық жаттығуларды жасап көріп, йоганың кешенді жаттығуларының техникасын тамашалауға мүмкіндік алды.

Қатысқан қонақтар өткізілген ісшаралардың жоғары деңгейде өткендігін айтып, игі ықыластарын танытты. Ұйымдастырушылар да шараның өте жақсы дәрежеде өткендігін білдірді. BMG командасы бұдан кейін де, оқушылардың  жазғы демалысы аяқталғанша, Сейфуллин даңғылындағы MEGA Park-те 5 пен 15 жас аралығындағы балалар үшін интерактивті алаңдар ұйымдастырады.

Жаңалықтарымыздан қағыс қалмаңыздар.

 


Татьяна Альбертовна Сарсенова

BilimLand.kz онлайн ресурсы үйлестірушісі

 

1Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 12:06
Осындай бағдарламалар көбейе берсін! Жарайсыздар!