Мемлекеттік гранттар

20 Қаз 2017
Блог
Мемлекеттік гранттар
1886

2017-2018 оқу жылында бакалавриатқа бөлінген грант (37 932) былтырғы жылмен салыстырғанда 6 мыңға көбейген. Оның ішінде техникалық және технологиялық мамандықтарға 13 670 грант, педагогикалық мамандықтарға 8 235 грант, медициналық мамандықтарға 3 150 грант, ауылшаруашылығы мамандықтарына 2682 грант бөлінді. Үкіметтің аталған салаларға грант санын көбейтуі осы салаларда мамандар тапшы екенін аңғартады. Мемлекет мектеп түлектеріне тегін білім алып, бәсекеге қабілетті маман болуларына жақсы мүмкіндік беріп отыр.

Қазіргі кезде жұмыссыз жүрген жастардың көпшілігінің жоғары білімі бар. Ата-ана қаражатына қаржыгер, заңгер мамандықтарын ақылы оқып, мүлде басқа салада жүрген жастар да баршылық. Мұның бәрі аталған мамандықтар бойынша кадрлардың тым көп екендігін айғақтайды. Түлек те, ата-ана да қоғамға қажетті, сұранысқа ие мамандықты дұрыс таңдамауы кейбір салаларда маман тапшылығын тудырып отыр. Қоғамға қажетті мамандықтарға грант санын көбейту арқылы мемлекет осы мәселені шешуге нақты қадам жасап отыр.

Болашақта сұранысқа ие маманға айналып, ел игілігіне қызмет ету үшін қоғамға қажетті мамандықты дұрыс таңдау аса маңызды. Ал мемлекеттік грантты иелену үшін терең білім, қажырлы ізденіс керек, жас түлек! Осы жолда bilimland.kz әрдайым сізді қолдайды!

34Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Сәулет Сұлтанова
Сәулет Сұлтанова
31 қаңтар 2018 ж. 15:44
2018 жылы жаңа табыстарға жетейік.
Галия Бекишова
Галия Бекишова
19 желтоқсан 2017 ж. 15:34
Балаларымыздың әрқашан жолы ақ болсын!
Ақбаян Ибрагимова
Ақбаян Ибрагимова
12 желтоқсан 2017 ж. 9:09
Жақсы жаңалығымыз көп болсын!
Ақерке Тайшигирова
Ақерке Тайшигирова
10 желтоқсан 2017 ж. 19:16
Болашақ - келешек жастардың қолында! Осындай мүмкіндіктер жасалғанда әрине алдыға қарай талпыну керек.
Роза Мамырова
Роза Мамырова
8 желтоқсан 2017 ж. 17:51
Керемет
Перизат Естакова
Перизат Естакова
8 желтоқсан 2017 ж. 10:24
Ия, тамаша ғой. Қаншама мүмкіндіктер бар.
Онгарбек Жумабеков
Онгарбек Жумабеков
7 желтоқсан 2017 ж. 13:58
Тамаша ғой бұл!
Айгерим Ахилбаева
Айгерим Ахилбаева
3 желтоқсан 2017 ж. 8:21
Оо Керемет.
Гулбаршын Ибатова
Гулбаршын Ибатова
29 қараша 2017 ж. 22:18
жақсы жаңалық екен
erubaev.90
erubaev.90
28 қараша 2017 ж. 11:03
Күшті