Мұғалім парақшасы

09 Қаң 2017
Тренинг
Мұғалім парақшасы
21642

Электронды оқыту форматын ұсынатын инновациялық Bilim Media Group компаниясының мақсаты – инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру сапасын арттыру. Дәл осы мақсатпен барлық жастағы балаларға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде интерактивті 10 000-нан астам сабақ ұсынатын Bilimland.kz платформасы жасалған болатын.

Мұғалімдердің білім беру саласында АКТ-ны қолдану көрсеткішін арттыру және ұстаздың қоғамдағы әлеуметтік және кәсіптік беделін көтеру мақсатында Bilim Media Group компаниясы дәстүрлі түрде жыл сайын «Жаңашыл мұғалім» байқауын өткізіп келеді. Байқаудың басты шарты мұғалімдердің кәсібилігі, шығармашылық әлеуетін танытуы және оқыту үдерісінде АКТ-ны оңтайлы пайдалана білуі болып саналады.

10-қаңтарда басталатын “Жаңашыл мұғалім-2017” байқауы қарсаңында біздің сайтымызда “Мұғалім парақшасы” бөлімі ашылды. Бұл бөлімде “Жаңашыл мұғалім-2015” және “Жаңашыл мұғалім-2016” байқауларының қатысушылары мен жеңімпаздары bilimland.kz ресурстарын сабақ барысында қалай қолданғандығы туралы өз тәжірибелерімен бөліседі. Олардың видеосабақтары және сабақ жоспарларымен жаңа бөлімде таныса аласыздар. Bilimland.kz платформасын қолданушы барша құрметті мұғалімдерді сайтымыздың жаңа бөлімінде жаңашыл мұғалімдердің тәжірибесімен танысуға шақырамыз. Жаңа, үздік, бірегей сабақты осы жерден табасыз!

8Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Алия Закарьянова
Алия Закарьянова
18 қазан 2018 ж. 7:57
Өте жақсы материалдар!
Алия Закарьянова
Алия Закарьянова
18 қазан 2018 ж. 7:54
Өте жақсы. Еңбектеріңізге сәттілік!
Арген Туребаев
Арген Туребаев
6 маусым 2018 ж. 14:26
Жақсы құрал
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 11:01
Өте керемет. Еңбектеріңіз жана берсін!
Мырзабаева Махира
Мырзабаева Махира
20 ақпан 2018 ж. 23:37
Сабақтарда қолдануға таптырмас құрал. Еңбектерің жана берсін!
Қызтумас Маликова
Қызтумас Маликова
16 қаңтар 2018 ж. 15:36
Жақсы
Айжан Олжаева
Айжан Олжаева
7 желтоқсан 2017 ж. 23:45
Использую на уроках биологии
Улбосын Танирбергенова
Улбосын Танирбергенова
5 қараша 2017 ж. 22:27
Bilim Media group компаниясына көп рахмет