Педагог қызметкерлердің 2018 жылғы тамыз кеңесі

28 Там 2018
Блог
Педагог қызметкерлердің 2018 жылғы тамыз кеңесі
665

Жер-жерде өткізілген келелі кеңестерде білім беру жүйесі мен оны дамыту жолдары талқыланып, былтырғы оқу жылына қорытынды жасалды, жетістіктер мен қателіктер сараланды. Келесі оқу жылының басты міндеттері айқындалды.

Әдетте тамыз кеңесіне педагогтар, облыс, аудан, қала әкімдері, НЗМ өкілдері қатысады. Әрине, ғылым-білім саласындағы инновациялық компаниялар, оның ішінде BilimLand ұжымы да жыл сайынғы жиындардан сырт қалмайды. Бәрінің діттегені – оқытудың жаңа технологиялары мен озық әдістемелері арқылы білім беру ісін ілгерілету және алдағы оқу жылының стратегиясы мен жоспарын ақылдасу.

2018 жылғы тамыз кеңесінің күн тәртібіне «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» деген тақырып таңдап алынды. Пленарлық және секциялық отырыстарда осы төңіректегі мәселелер қозғалды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген ұстаздар қауымы білім берудің инфрақұрлымын жақсартып, мектептерді интерактивті құралдармен қамту жөніндегі ойларын ортаға салды.

Бүгінгі жаһандану заманында Қазақстандағы барлық мектепті интернет желісімен қамтамасыз ету мәселесі өзекті. Интернеті әлсіз немесе мүлде жоқ ауылдарға көңіл бөліп, ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасын теңестіру мәселесі баяндамашыларды ерекше толғандырды. Бұл мәселені шешуде offline-технологияларды қолдану маңызды. Әсіресе, BilimBook компьютер-трансформерлері еліміздегі ең шалғай елдімекендерді мазмұны жаңарған оқыту материалдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Батыс Қазақстан облысының әкімі Алтай Көлгінов те осыны айрықша атап өтті. Оның айтуынша, БҚО – шағын жинақты мектептер саны бойынша көш бастайтын өңір, сондықтан облыстағы мұғалімдер мен оқушыларға BilimBook құрылғысы таптырмас көмекші құрал болып отыр.

BilimLand өкілдері педагогтардың дәстүрлі басқосуларына үнемі қатысып тұрады. Қазақстанның білім саласындағы артықшылықтар мен кемшіліктер біздің назарымызда.

Тамыз кеңесіне қатысқан әр маманның еңбегіне жеміс, барлық бастамасына сәттілік тілейміз! Көп рахмет!

4Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
yuz.14162
yuz.14162
19 қыркүйек 2018 ж. 14:40
сәттілік!!!
Назигуль Суиндикова
Назигуль Суиндикова
12 қыркүйек 2018 ж. 10:55
Керемет
Асия Жаманбаева
Асия Жаманбаева
11 қыркүйек 2018 ж. 22:44
Керемет
Айжан Сабытаева
Айжан Сабытаева
5 қыркүйек 2018 ж. 0:22
Біз үшін BilimLand өте құнды маңызды