Қазақстанда білім беруші Astana Bilim Lab ресурстық орталығы құрылды

21 Там 2015
Жаңалықтар
Қазақстанда білім беруші Astana Bilim Lab ресурстық орталығы құрылды
2604

Қазақстанда №76 мектеп-лицейі базасында Astana Bilim Lab білім беретін ресурстық орталығы құрылды. Бұл жайлы Астана қаласы білім басқармасының басшысы Суханбердиева Эльмира Амангелдіқызы білім беру қызметкерлерінің тамыз жиынында хабарлады деп жазады BNews.kz сайты.

Аталған ресурстық орталық электронды оқыту және білім беретін мазмұн жасауда көшбасшы саналатын Bilim Media Group компаниясы тарапынан құрылып отыр. Ресурстық орталықтың міндеті қала мұғалімдеріне білім беру саласындағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды үйрету болып саналады.

Bilim Media Group компаниясының басқарушы директоры Нартай Әшім конференция қатысушыларына BilimLand.kz, iTest.kz, iMektep.kz және Kitap.kz. инновациялық интерактивті білім беретін ресурстарын таныстырды. Білім беретін контент 3 тілде: қазақ, орыс, және ағылшын тілдерінде ұсынылған. Аталған ресурстар онлайн қолжетімді болғандықтан, мектептегі кез келген жабдықтармен (компьютер, интерактивті тақта, планшет, ұялы телефон) қолдануға зор мүмкіндік бар.

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков келер жылды Астана қаласының білім беру ісін инновациялық жаңғырту жылы деп жариялауды ұсынды.

BilimLand – электронды оқыту нарығындағы әлемдік көшбасшылардың жетістіктеріне негізделіп жасалған көптілді әмбебап платформа. Бұл – білім саласындағы әлемдік жетекші топтардың заманауи білім беру контенттерін топтастырған үлкен кешен.  

Сонымен қатар қазақ мектебіндегі бастауыш буын мектеп бағдарламасының толық курсын қамтитын iMektep.kz сайты таныстырылды. Қазақстандық жетекші әдіскерлер мен мұғалімдер қатысып жасаған, бастауыш мектептің 8 негізгі пәнінің анимацияланған сабақ үлгісі ұсынылған бұл курста 170-тен аса тақырып қамтылған.

Курс бірегей онлайн-платформалар көмегімен реттіліп, интуитивтік іздеуімен және тақырыптардың ыңғайлы жіктелуімен ерекшеленеді.

 

1Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 11:36
Бұл сайттан қажетті материалдарды таба алады екенсің. Сіздерге көп рахмет.