Сабақтағы АКТ. Жеңімпаздар

07 Мау 2017
Блог
Сабақтағы АКТ. Жеңімпаздар
2490

Бүгінгі күннің қаруы – білім. Екі қолға бір күректің заманы өткен. Жаңа технологиялардың қарыштап дамуына байланысты біздің қоғам алдында білімді ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. «Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең – оқыт, мал аяма!» деп ұлы Абай осыдан екі ғасыр бұрын оқу, білімді насихаттаған. Себебі, білім – ұлттың бәсекеге қабі­лет­тілігін арттырудың  басты жолы. Тек білімді ұрпақ, білімді жастар ғана мемлекетіміздің тірегі бола алмақ. Білім беру саласы үнемі жетілдіруді, заман көшінен қалмай лайықты дамытуды талап ететін сала. Осы орайда мұғалімдерге үзбей кәсіби қолдау көрсетіп келе жатқан Bilim Media Group компаниясы да «Жаңашыл мұғалім-2017» байқауын ұйымдастыруда білім берудегі жаңашылдыққа және ұстаздардың сабақта АКТ-ны шебер қолдануына мән берді.

Биылғы байқауға жолданған мыңнан аса жұмыстың шамамен жеті жүзге жуығы «Сабақтағы АКТ» аталымы бойынша келіп түсті. Осыған байланысты тәуелсіз сараптама комиссиясы бір аталым бойынша екі жеңімпазды анықтады. Бірінші жеңімпаз Иманшарипова Арман Жұмабайқызының жұмысы байқау талаптарына сай келіп, сабақ жоспарын сауатты құра алуымен ерекшеленді. Ұстаз ағылшын тілінде өткізген сабақта АКТ-ны оңтайлы пайдалана білді.

Келесі жеңімпаз Қашқынбаева Роза Орынбайқызының жұмысы сабақты креативті өткізуімен, оқушылардың жұптық, топтық жұмыс түрлерін көрсете алуымен ерекшеленді. Ұстаз АКТ-ны, bilimland.kz ресурстарын сабақтың барлық кезеңдерінде тиімді қолданып, АКТ-ны пайдаланып өткізген сабақта қала мен ауыл баласының мүмкіндіктерінің бірдей екендігін көрсете алды.

Байқаудың «Сабақтағы АКТ» аталымы бойынша жұмыстардың көп жолдануына байланысты тәуелсіз сараптама комиссия іріктеуді мұқият жүргізді, жұмыстар бағалаудың бірнеше кезеңінен өтті. Сапалы әрі көркем жұмыстардың көп болуы себепті жеңімпазды анықтау қиынға соқты. Дегенмен де, тәуелсіз сараптама комиссия ең үздік жұмысты анықтады деп сенеміз! Байқауға жұмыс жолдаған барлық ұстаздарға алғыс білдіре отырып, игілікті еңбек тілейміз!

 

Иманшарипова Арман Жұмабайқызы
Конкурс
Жеңімпаздың видеоүзіндісі
Астана қаласы
Мектеп:  Назарбаев Зиятерлік мектебі, Халықаралық Бакалавриат
Пәні: физика

 

Сабақтың тақырыбы: Атом құрылымы 
 
 
 
Тәуелсіз комиссия сарапшыларының бірі, «Оқулық» РҒПО электронды оқулықтарды сараптау зертханасының меңгерушісі Гүлнұр Мақсұтқызы: «Жұмыс тартымдылығымен және сабақты ағылшын тілінде сауатты жүргізе алуымен ерекшеленді. Ұстаз сабақ барысында оқушыларды сабаққа толық қатыстырып, әртүрлі жұмыс түрлерін көрсете алды» деп баға берді.

 

Кашкынбаева Роза Орынбаевна
Конкурс
Жеңімпаздың видеоүзіндісі
Алматы облысы, Іле ауданы ауданы, Междуреченск ауылы
Мектеп:  №16  орта мектеп
Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: Көбейту мен бөлуді қайталау

 

Тәуелсіз комиссия сарапшысы, «Оқулық» РҒПО электронды оқулықтарды сараптау зертханасының меңгерушісі Гүлнұр Мақсұтқызы: «Сабақтың жүру барысы өте ширақ, мұғалім мен оқушылар арасында сенімді қарым-қатынас орнаған. Уақыт әр кезеңге есептелгендіктен, оқушылар тапсырмаларды дер кезінде орындап отырды. Сабақта bilimland.kz платформасының үш ресурсы тиімді қолданылды. АКТ қолданып өткізілетін сабақтың қызықты бола түсетіндігіне осы сабақ арқылы көз жеткіздік» деп пікір білдірді.

Жеңімпаздарды лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!

10Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 10:21
Өте керемет! Сәттілік тілеймін!!!
Ақмарал Исмаилова
Ақмарал Исмаилова
31 қаңтар 2018 ж. 21:49
Керемет, өте қуаныштымын. Сәттілік сіздерге!!!
Әбілда Шолпан
Әбілда Шолпан
7 желтоқсан 2017 ж. 16:08
Құтты болсын!
Айсауле Темирбаева
Айсауле Темирбаева
4 желтоқсан 2017 ж. 0:03
Желаю удачи!!!
Феруза Анарова
Феруза Анарова
9 қараша 2017 ж. 20:32
Құтты болсын!!!
Жазира Джуматаева
Жазира Джуматаева
3 қараша 2017 ж. 20:27
Шығармашылық еңбектеріңізге жеміс тілеймін!!!
Дилноза Абдижамилова
Дилноза Абдижамилова
2 қараша 2017 ж. 22:44
КЕРЕМЕТ, ҚҰТТЫ БОЛСЫН СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІН!
Людмила Баширова
Людмила Баширова
27 қазан 2017 ж. 19:31
Марапаттарыңыз құтты болсын!!!
Л Патхолина
Л Патхолина
26 қазан 2017 ж. 16:54
Әріптестерім үшін қуаныштымын. Тек алға!
Дамеш Пернебаева
Дамеш Пернебаева
25 қазан 2017 ж. 19:49
Жеңіс құтты болсын!