«Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымының жеңімпаздары

06 Мау 2018
Блог
«Шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымының жеңімпаздары
577

Бүгінгі күнде еліміздегі шағын жинақты мектептерді жаңа технологиялармен қамтамасыз етіп, ондағы оқушылар мен ұстаздардың цифрлық білім беру ресурстарын пайдалану мүмкіндіктерін арттыру білім саласындағы өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Еліміздің жалпы мектептерінің 40 пайызын шағын жинақты мектептер құрайды. Шағын жинақты мектептерде кадр жетіспеушілігі, инновациялық технологиялардың тапшылығы, интернет желісінің жылдамдығының төмендігі секілді бірқатар мәселелер бар. Осы мәселелерді шешу үшін оқыту процесінде АКТ пайдалану тиімді екенін ұстаздар түсініп, сабақтарында АКТ-ны белсенді қолдануға талаптанып жүр. Байқаудың осы аталымына келіп түскен жұмыстар, дәл сондай ізденімпаз ұстаздардың еңбектері. Бұл жұмыстардың ішінен екі жұмыс ерекше көзге түсіп, лайықты бағаларын алды.

Исабекова Айгүл Кәрібайқызы
Конкурс
Алматы облысы, Ақсу ауданы, Қарашілік ауылы
Мектеп: Қарашілік шағын жинақты мектебі
Пән: математика
Сынып: 3 және 4
Жұмыс тілі: қазақ 
 
 

 

Жеңімпаз Исабекова Айгүл Қәрібайқызының сабағын тәуелсіз сараптама комиссия мүшесі, Павлодар облысы Білім басқармасының әдіскері Анар Талапқызы: «Ұстаз жұмысын қызықты таныстырудан бастады. Сабағы тартымды әрі нәтижелі болды. 3-4 сынып оқушылары үшін iMektep.kz-тегі қызықты тапсырмаларды және бастауыш математика курсындағы интерактивті сабақтарды ұтымды қолдана білді. Оқушылар тапсырмаларды қызыға, жарыса орындап, топтық және жұптық жұмыстарды көрсете алды. Педагог та уақытты тиімді пайдаланды. Балалардың көтеріңкі көңіл-күйлері көрініп тұр. Жалпы сабақты өткізу тәсілі, түрі ұнады» деген пікір білдірді.

Шүкеева Әлия Қабидолқызы
Конкурс
Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбинка ауылы
Мектеп: Новорыбинка шағын жинақты мектебі
Пән: орыс тілі мен әдебиеті
Сынып: 5 және 7
Жұмыс тілі: орыс 
 
 

 

Екінші жеңімпаз Шүкеева Әлия Қабидолқызының сабағын да комиссия мүшелері әдістемелік тұрғыдан жоғары бағалады. А. Талапқызы: «Әлия Қабидолқызы сабағын қызықты өткізді. Сабақта оқушылардың көңіл-күйлері де көтеріңкі болды. Bilimland.kz білім беру порталының ресурстарын орынды пайдаланып, тақырыптың мақсаты мен міндеттерін аша білді. «Еркін микрофон», «Зигзаг» әдістерін тиімді қолданды. Оқушылар iTest.kz электронды жаттықтырғышы бойынша тест тапсырмаларын орындаған соң қатемен жұмыс жасады. Сабақ соңында рефлексия жасалып, оқушылардың ойлары тыңдалды. Ұстаз мақсатына жетті деген ойдамын» деп пікір білдірді.

«Шағын жинақты мектептегі АКТ» аталымының басты ерекшелігі сол, педагог сабағын екі сыныпты қосып өткізеді. Ондағы оқушылардың жас ерекшеліктері әртүрлі, демек оларға берілетін тапсырмалар да әртүрлі деңгейде болатыны белгілі. Осыдан-ақ бұл аталым бойынша сабақ өткізудің күрделі екенін аңғаруға болады. Шағын жинақты мектепте біріктірілген сыныптар жағдайында сабақ жүргізу ұстаздан әдістемелік біліктілік пен мол тәжірибені талап етеді. Осы талаптарға сай жұмыс жолдаған жеңімпаздар әділ бағаланды деп есептейміз. Жеңімпаздарға алғысымызды білдіріп, жемісті еңбек тілейміз!

BililmLand-пен бірге жетістіктерге жете беріңіздер!

4Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Арген Туребаев
Арген Туребаев
9 маусым 2018 ж. 18:48
Жеңіс тұғырынан көтерілген әріптестерді шын жүректен құттықтаймыз.
Мекерия Сейдағалиев
Мекерия Сейдағалиев
9 маусым 2018 ж. 17:54
Жақсы жетістіктеріңмен құттықтаймыз!
zhmb.2442
zhmb.2442
9 маусым 2018 ж. 9:43
Құттықтаймын. Еңбекте табыс тілеймін
Арген Туребаев
Арген Туребаев
7 маусым 2018 ж. 18:12
Құттықтаймыз.