Шағын жинақты мектептерде BilimBook құрылғысының қолданылуы

13 Ақп 2018
Блог
Шағын жинақты мектептерде BilimBook құрылғысының қолданылуы
5193

2017 жылы 4 қазанда жарияланған блогта https://bilimland.kz/kk/blog/492 айтып өткеніміздей, Bilim Media Group компаниясы өткен жылы күз айларында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында шағын жинақты мектептерде Bilimbook дербес оқыту планшет-компьютерлері және проектор, интерактивті тақтамен жабдықталған кабинеттер ашты.

Бұл мектептердің мұғалімдері 5 ай бойы математика, физика, тарих, биология, химия пәндерінде және сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шараларға дайындықтарда берілген құрылғыны белсенді қолданды. Оқушылар болса шағын жинақты мектептерде оқытуды дербестендіруге сәйкес сыныпта және сыныптан тыс уақытта өз беттерінше білім ала алды.

Пилоттық жоба іске қосылған шағын жинақты мектептердің бірінде, нақтырақ айтсақ Солтүстік Қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Айыртау ауылында 9 ақпанда «BilimBook оқыту контенті арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбында аймақтық семинар  өтті. Семинарға аудан мектептерінің өкілдері шақырылды. Ал Айыртау мектебінің мұғалімдері математика және биология пәндерінен ашық сабақ және ҰБТ-ға дайындықта қолданылатын виртуалды жаттықтырғыш itest.kz-ті пайдалану бойынша шеберлік сағатын өткізді. Мұғалімдер мен оқушылар BilimBook планшет-компьютерлерін жетік қолдана алатындықтарын көрсетті.

10 ақпанда Павлодар облысы Успен ауылының №3 орта мектебінде ауданның 10-11 сынып оқушыларының iTest жаттықтырғышын қолдану арқылы өтетін тест жұмыстарына рейд жүргізілді. Жоғары сынып оқушылары iTest платформасын белсенді қолданып, негізгі және бейіндік пәндер бойынша сынама тест жұмыстарын тапсырды.

Шағын жинақты мектептерде BilimBook құрылғысын енгізу және оқытуда белсенді пайдалану оң нәтиже көрсетті. Оқу процесінде мұғалімдердің жаңа педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді қолдануы арқылы білім алушылардың оқуға деген ынтасы арта түсті. Ұстаздар, оқушылар және мектеп әкімшілігі бұл құрылғы оқыту процесін тартымды әрі интерактивті жасайды деп есептейді. Және инновациялық оқыту формасына өтуге жағдай жасап, ауыл және қала оқушыларының арасындағы цифрлық теңсіздікті жоюға көмектесетініне сенімді.

30Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Лэйля Бекетаева
Лэйля Бекетаева
25 сәуiр 2018 ж. 18:52
Қажетті ақпараттармен толық қамтамасыз етілген сайт. Болашақта бұл сайтпен жұмыс жасау тиімді болады деп ойлаймын. Барлығыңызға сәттілік тілеймін.
Жанат Алдашбекова
Жанат Алдашбекова
3 сәуiр 2018 ж. 11:30
Сәлеметсіздер ме6 әріптестер! Тамаша сайт барлық нәрсеге қол жеткізуге болады.
Айжан Сулейменова
Айжан Сулейменова
1 наурыз 2018 ж. 17:42
Керемет сайт, ұжымға шығармашылық табыс тілеймін.
Айгуль Базарбаева
Айгуль Базарбаева
28 ақпан 2018 ж. 20:28
Сәлеметсіздер ме, әріптестер! Шығармашылық шабыт, заманауи тың ойлар мен жаңалықтар, сәттілік тілеймін!
Кулдан Бугай
Кулдан Бугай
28 ақпан 2018 ж. 17:27
Өте керемет сайт. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
28 ақпан 2018 ж. 14:04
Шығармашылық табыс тілеймін!
Аслан Сулейменов
Аслан Сулейменов
27 ақпан 2018 ж. 18:33
Керекті мәліметтер көп екен. Рахмет!
Клара Тлегенова
Клара Тлегенова
24 ақпан 2018 ж. 18:14
Ізденістің бар екені көрініп тұр. Шығармашылық табыс тілеймін.
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 10:02
Сәлеметсіздер ме! Өте керемет. Қажетті материал алуға болады.
Жазира Джуматаева
Жазира Джуматаева
23 ақпан 2018 ж. 22:25
Cәлеметсіздер ме. Өте маңызды сайт. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!