«Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымының жеңімпазы

31 Мам 2018
Блог
«Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымының жеңімпазы
830

«Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымы бойынша байқауға қазақ, орыс тілдерінде барлығы 107 жұмыс қабылданды. Оның ішінде 28 жұмыс финалға өтті. Финалға өткен жұмыстардың ішінде Шынтасова Гүлзаттың жұмысы жаңашылдығымен көзге түсті.

Гүлзат Бурабайқызы «Жаңашыл мұғалім» байқауына қатарынан үш жыл қатысқан. Педагог: «Байқауға жылда жұмыс жолдаған сайын мен өз кемшіліктерімді анықтап, сол кемшіліктеріммен жұмыс жасап, келесі жолы оларды жібермеуге тырыстым» деп өз ойымен бөлісті. Байқау талаптарымен мұқият танысқан жеңімпаздың көп ізденгені, bilimland.kz ресурстарын толық зерттегені оның жұмысынан байқалды. Мұғалім сабағында twig-bilim.kz порталының оқытушы фильмдерін қолданып, оқушылардың топтық жұмыстарын ұтымды ұйымдастырған.

Шынтасова Гүлзат Бурабайқызы
Конкурс
Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы
Мектеп: Назарбаев зияткерлік мектебі
Тәрбие сағатының тақырыбы: «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»
Сынып: 10
Жұмыс тілі: қазақ 
 
 
 

 

Жеңімпаздың сабағын комиссия мүшесі әрі былтырғы «Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының жеңімпазы Алишева Қымбат Маратқызы: «Сабақ барлық талаптарға сай, таныстырылымын жаңа идеямен тартымды түсірген. Оқушылармен үнемі бірлесіп жұмыс істегені, еңбектенгені көрініп тұр. Жас келсе іске демекші, жас маман болса да сабақта инновациялық технологияларды шебер қолдана білген» деп бағалады.

Бүгінгі күнде рухани құндылықтар алдыңғы орынға қойылып отыр. Өскелең ұрпаққа білім берумен қатар жақсы тәрбие беру де өте маңызды іс. Жас мамандардың тәрбие саласындағы жемісті еңбектері барша жастарға үлгі. «Тәрбие жұмысындағы АКТ» аталымының жеңімпазы Гүлзат Бурабайқызын жеңісімен құттықтап, еңбегіңіз игілікті болсын дейміз!

Bilimland-пен бірге жетістіктерге жете беріңіздер!

12Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Примбердиева Меруерт
Примбердиева Меруерт
16 қазан 2018 ж. 10:40
Шығармашылық табыс тілеймін!
Айнур Агыбаева
Айнур Агыбаева
9 қазан 2018 ж. 11:50
Алар асуларыңыз көп болсын құрметті әріптестер!!!
munaily6.38
munaily6.38
2 қазан 2018 ж. 15:23
Жастар, тек қана алға!!! Әріптестерімнің жеңістері көп болсын!!!!
zha.1946
zha.1946
17 қыркүйек 2018 ж. 13:58
Нәтижесі керемет!
Гулзира Сапарбаева
Гулзира Сапарбаева
13 қыркүйек 2018 ж. 16:43
Құтты болсын
Гүлзира Жайнабекова
Гүлзира Жайнабекова
19 тамыз 2018 ж. 1:14
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫС ТІЛЕЙМІН!
Айдана Шуйншалиева
Айдана Шуйншалиева
9 маусым 2018 ж. 13:08
Құтты болсын!
Венера Киргабакова
Венера Киргабакова
9 маусым 2018 ж. 9:42
Саламатсыз ба. Құттықтаймын. Шығармашылық табыс тілеймін
muratbaev.199
muratbaev.199
8 маусым 2018 ж. 14:46
Құтты болсын! Биік белестерді бағындыра бер!
Карлыгаш Сикимбаева
Карлыгаш Сикимбаева
6 маусым 2018 ж. 12:12
Құтты болсын!