Үздік сабақ жоспары 2017 – BilimLand қолданушыларының таңдауы

06 Қаз 2017
Байқау
Үздік сабақ жоспары 2017 – BilimLand қолданушыларының таңдауы
37322

Біздің сайтымыздың техникалық мүмкіндігі артты, ендігі уақытта сайтымызға тіркелген кез келген қолданушы «Мұғалім парақшасы» бөліміндегі тест жұмыстарын, сабақ немесе тәрбие  сағаты жоспарын «лайк» басу арқылы бағалай алады. Жұмысты бағалау үшін сайтқа жазылу міндетті емес, тек сайтқа тіркелсеңіз жеткілікті.

    Сайтқа тіркелу қиын емес: тіркелу үшін оң жақ жоғарғы бөліктегі «Кіру» батырмасын басасыз, «Тіркеліңіз» батырмасын таңдап, қажетті жолдарды толтырғаннан кейін тағы да «Тіркелу» батырмасын басасыз. Поштаңызға тіркелімді растау туралы хат алғаннан кейін берілген сілтемемен өтіп сайтқа кіре беруіңізге болады.

Ең үздік сабақ жоспары bilimland.kz сайтының қолданушыларының «лайк» санымен анықталады. Жарысқа дәстүрлі «Жаңашыл мұғалім» байқауына қатысқан мұғалімдердің «Мұғалім парақшасында» жарияланған сабақ және тәрбие сағаты жоспарлары, ҰБТ тест жұмыстары қатыса алады.

Байқау мерзімі: 6.10.2017–21.12.2017

Жүлде:  Диплом және электроника дүкеніне сертификат (100 000 теңге).

Ескерту!

Жұмысты жариялауда сабақ жоспарының мазмұны, безендірілуі және сурет сапасы ескеріледі. Жұмыстар Bilim Media Group  компаниясының ішкі ережелеріне сәйкес,  бекітілген кесте бойынша жарияланады. Сайтта сабақ жоспарын жариялау туралы шешімді компания қабылдайды.

713Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Рима Бестерекова
Рима Бестерекова
9 қазан 2018 ж. 22:30
Өте жақсы сайт.Қосымша ақпараттар кең көлемде таба алдым. Керемет сабақтар бар екен.
Салтанат Ташмұхамедова
Салтанат Ташмұхамедова
3 маусым 2018 ж. 16:30
Керемет сайт. Маған қатты ұнады.
Гулнур Турекелдиева
Гулнур Турекелдиева
30 қаңтар 2018 ж. 12:04
Сайтта өте қажет дуниелер көп. Ұйымдастырушыларға рахмет.
Гуляина Алдешова
Гуляина Алдешова
19 қаңтар 2018 ж. 9:46
Ұйымдастырушыларға рахмет. Тиімді екен.
Сырғакүл Дүрменова
Сырғакүл Дүрменова
18 қаңтар 2018 ж. 14:44
Дурменова Сырғакүл Жұматайқызы, ОҚО, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы, Ахмет Байтұрсынов жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі сайттың мұғалімге көмегі өте жақсы.
Алтынгул Абай
Алтынгул Абай
18 қаңтар 2018 ж. 11:51
Қазақ әдебиеті пәнінен өте қажетті материалдар осы сайттан табылғанына өте ризамын. Күнделікті сабақта үнемі қолданамын, қолдануға қолайлы.
Токжан Ахметова
Токжан Ахметова
18 қаңтар 2018 ж. 0:36
Өте керемет сайт. Ұйымдастырушыларына көп рахмет!
Ақжонас Сакупова
Ақжонас Сакупова
17 қаңтар 2018 ж. 21:34
Осы сайттың материалдары жақсы, дүниежүзі тарихынан материалдар болса, ...
Ақжонас Сакупова
Ақжонас Сакупова
17 қаңтар 2018 ж. 21:32
Осы сайттың материалдары, әсіресе бейнематериалдары жақсы екен.
Жаныл Утебаева
Жаныл Утебаева
17 қаңтар 2018 ж. 11:34
Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Сайт өте керемет, жұмыс жасауға қолайлы, көптеген ақпаратқа толы. Көп рахмет!