Халықаралық ана тілі күні

21 Ақп 2015
Жаңалықтар
Халықаралық ана тілі күні
2763

21 ақпан - Халықаралық ана тілі күні. Бұл күнді тойлау 2000 жылдан бастау алды және тілдік, мәдени әртүрлілікті, тілдік ерекшелікті сақтау мақсатында UNESCO-ның 30-сессиясында 1999 жылдың қараша айында қабылданды. Басқа тілдерде бұл күн былай аталады: ағылшын тілінде International Mother Language Day, испан тілінде Día Internacional de la Lengua Materna, француз тілінде la Journée internationale de la langue maternelle.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес қазақ тілі мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тіл - көпұлтты мемлекетте халықтың ұлттық құрамына қарамай іс қағаздарын жүргізу, мектеп пен жоғары оқу орындарында оқыту тілі, мәдениет, баспасөз бен байланыс (пошта, телеграф т. б.) орындарында, құқық қорғау мен әскер бөлімдерінде, сот істерін жүргізу т.б. барысында қолданылатын, міндетті деп саналатын саяси-құқықтық қасиеті бар мәртебелі тіл.

Біздің елімізде АНА ТІЛІ қазақ тілін жетілдіру, қолдау және дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстар өте көп. Соның ішінде онлайн оқыту бағытында да біраз жұмыстар бар. Осының мысалы ретінде BilimLand порталының үш тілде қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде екенін атап өтейік. Сонымен қатар ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНЕ арналған ресурстар жиынтығын толығырақ көрсетейік.

Ресурстар 5-11-сыныптағы Қазақ әдебиеті пәнінің мазмұнына толық сәйкес келеді және Халық ауыз әдебиеті, Поэзия, Проза, Драма, Шет ел әдебиеті деген негізгі бөлімдерден тұрады. Осы жинақта сіздер өлеңдердің, әңгімелер мен повестердің, романдардың аудионұсқасын тыңдай аласыздар. Ұсынылған ресурстарды сабақ үрдісіне тиімді кіріктіру әр мұғалімнің шығармашылық жұмысы мен әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануына байланысты болады.

Қазақ әдебиеті ресурстарының ұсынылу мысалын келесі суреттен көре аласыздар.

Тағы бір қосымша ресурсымыз iTest.kz cайтындағы қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері бойынша жасалған тестер мен дайындалуға арналған материалдар тек қана Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындалу мақсатында емес, сонымен бірге сабақ барысында тақырыпты бекіту, қайталау, пысықтау мақсаттарында да қолдануға болады.

 

Қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінің сайттағы көрінісі:

  

Ана тілі қазақ тіліміз туралы айтқанда Қазақстанның ашық кітапханасын айналып өте алмайтынымыз сөзсіз. Сондықтан осындай айтулы күні - Халықаралық ана тілі күнінде Қазақстанның ашық кітапханасының мол қорын: кітаптар, аудиокітаптар, видео, дәстүрлі ән өнерінің майталмандарының еңбегін, мақалалар мен ойталқыларды ұсынуды жөн көріп отырмыз.

Осы жазбамды Әбділда Тәжібаевтің керемет өлеңінің мына жолдарымен аяқтағым келеді:

Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,


 

Салыхова Бақытгүл Орынбасарқызы

Педагогика ғылымдарының кандидаты

0Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз