Халықаралық ақ аю күні

27 Ақп 2015
Жаңалықтар
Халықаралық ақ аю күні
1892

27 ақпан - халықаралық ақ (поляр) аю күні. Бұл күнді атап өту қажеттігін Polar Bears International ұйымы ұсынған болатын. Осы шара арқылы олар тек қана ақ аюларды сақтап қалу мәселесін көтермейді, сонымен бірге экологиялық мәселелерге, ауа райының күрт жылынуына, мұздықтардың еруіне адамдардың назарын аударуды мақсат етіп қойып отыр.

Бұл күн ағылшын тілінде International Polar Bear Day деп аталады.

Ақ аюлар Норвегия, Канада, Ресей, Гренландия және Америка Құрама Штаттарының (Аляска) территориясында мекендейді.

Қазіргі кезде дүниежүзі бойынша ақ аюлардың саны 20000 дейін азайып кеткенін ескерсек, осы жануарлардың ерекшеліктері мен тіршілігі туралы қойылатын сұрақтарға жауапты Twig-Bilim фильмдерін жасаушылар табуға көмектеседі.

"Эволюция тетіктері" фильмі арқылы 100 мың жыл бұрын мутация әсерінен қоңыр аюларда ақ тері пайда болғанын, аюдың ақ терісі мұздықтар ішінде сәтті жасырынуға мүмкіндік беретінін білесіздер.

Сонымен бірге “Жойылу қаупі төніп тұрған түрлер” фильмі де сіздерге қызықты болады деп сенеміз.

 


 

Салыхова Бақытгүл Орынбасарқызы

Педагогика ғылымдарының кандидаты

1Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Гаухар Раимбекова
Гаухар Раимбекова
26 ақпан 2018 ж. 16:48
Керемет!