Ынтымақтастық жөніндегі келісім

16 Шіл 2015
Жаңалықтар
Ынтымақтастық жөніндегі келісім
1723

 

 

«Astana Bilim Lab» ресурстық орталығы Астана қаласы Білім басқармасының бастамасымен 2015 жылдың маусымында ашылды. Орталықтың басты мақсаты – Астана қаласындағы мектеп мұғалімдеріне білім беру саласындағы алдыңғы қатарлы технологияларды, Bilim Media Group инновациялық компаниясының электронды оқыту ресурстарын қолдану бойынша  семинарлар мен тренингтер өткізу. 

 «Bilim Media Group» компаниясының басқарушы директоры Н.Әшім және жоба үйлестірушісі Н.Сайранқызы интерактивті оқыту ресурстарымен, оның ішінде мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арналған білім беру курстары, электронды жаттықтырғыштар, симуляторлар, жаратылыстану ғылымдары циклі негізінде жасалған фильмдермен таныстырып, презентация өткізді. 

Электронды ресурстар – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді заманауи білім беру контентінің үлкен қоры. Оқу материалдары iMektep, Bilimland, Twig-Bilim білім беру платформаларында орналасқан. Ұсынылған материалдар ішінде үлкен қызығушылық тудырған BookShelf өнімі де бар. Бұл кешен барлық электронды құрылғыларда жұмыс істейді және электронды оқыту материалдарын жасағысы келетін мұғалімдерге қажетті құралдар мен технологиялардың толық жиынтығын ұсынады.

Кездесу нәтижесінде оқыту семинарларын ұйымдастыру және жаңа форматтағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер жасауға қатысты жобаларды жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

 

 

1Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 11:37
Семинарлар мен тренингтер көп бола берсе деп тілеймін.