Жаңартылған iTest

05 Мау 2017
Блог
Жаңартылған iTest
2287

Құрметті сайт қолданушылары! Сіздерге айтар жақсы жаңалығымыз бар. Bilim Media Group компаниясының білікті мамандары сіздерге жаңартылған iTest.kz  сайтын ұсынады

Бүгінгі күнде талапкерлердің ҰБТ мен ТКТ-ға нәтижелі дайындалуында iTest.kz сайтының орны ерекше. iTest виртуалды жаттықтырғышы жылдам әрі өнімді жұмыс істеп, қолдануға ыңғайлырақ бола түсті. Сонымен, сайтқа енгізілген жаңартуларға тоқталып өтсек: жаңартылған iTest.kz  сайтын жасау кезінде бағдарлама тілінің ең жаңа PHP нұсқасы қолданылды. Басты бетте порталдың қалай жұмыс істейтіндігін түсіндіретін блог жасалынып, барлық пәндер осы басты бетке шығарылды. Жаңартылған сайтымыздың профайл бетіне «Статистика» парақшасы қосылды. Аталған парақшадан тест тапсырушы орындаған тест тапсырмалары мен балл санын көре алады. Жаңартылған iTest-ті кез келген жерде, кез келген уақытта экранының көлемі әртүрлі құрылғылардан кіріп қолдануға болады. Сондай-ақ, оқытушылардың жаңартылған сайттан берілген конспектілер мен тест нұсқаларын PDF пішімінде жүктеп алу мүмкіндігі бар.

Бұрынғыдан да жылдам әрі тез жұмыс істейтін, дизайны мен құрылымы жетілдірілген iTest сайтын игіліктеріңізге пайдаланыңыздар!

Бізбен бірге ҰБТ мен ТКТ-ға дайындық сапалы әрі қолжетімді!

2Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
zhuali15.12
zhuali15.12
23 мамыр 2018 ж. 11:31
Өте жақсы.
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 10:24
Рахмет!