«Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының екінші кезеңі

13 Нау 2017
Байқау
«Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының екінші кезеңі
4562

«Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының бірінші кезеңі 2017 жылдың 10 қаңтарынан басталып, 1 наурызға дейін жалғасты. Байқауға қатысуға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан астам ұстаз өтінім қалдырып, өздерінің бірегей жұмыстарын жолдаған болатын. Байқауға жұмыстар төрт аталым бойынша қабылданды: сабақтағы АКТ, тәрбие жұмысындағы АКТ, АКТ-ны ҰБТ-ға дайындауда қолдану және шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) АКТ. Ең көп жұмыс «Сабақтағы АКТ» аталымы бойынша келіп түсті, осы аталыммен қабылданған жұмыстарда жаңашыл мұғалімдер bilimland.kz білім беру платформасының бірнеше ресурсын сәтті үйлестіру дағдыларын көрсете білді. Сондай-ақ, инклюзивті білім беруде және пәндерді интеграциялауда АКТ-ны тиімді қолдануды көрсеткен бірегей жұмыстар да болды. Тәуелсіз сараптама комиссия мүшелері келіп түскен байқау жұмыстарын екінші кезеңге жіберу үшін іріктегенде, авторлық идеяның бірегейлігіне, әдістемелік сауаттылыққа және байқау шарттарында көрсетілген талаптарға сай болуына баса мән берді. Байқаудың екінші кезеңі 2017 жылдың 13 наурызында басталып, 1 мамырда аяқталады. Байқау қатысушылары өз жұмыстарын видео үлгісінде: өзі туралы видеотаныстыру (ұзақтығы 5 минуттан аспайтын видеоролик) мен bilimland.kz ресурстары кіріктіріліп өткізілген сабақтың немесе сынып сағатының видеоүзіндісін (ұзақтығы 10 минуттан аспайтын үзінді) түсіріп, жіберуі тиіс. Бірінші кезеңдегі жұмыстарға қойылған талаптар екінші кезеңде де сақталады: білім беруде АКТ-ны ұтымды қолдана білу, педагогтың шығармашылық әлеуеті, сабақ беру барысында bilimland.kz ресурстарын тиімді пайдалану шарттары толықтай сақталуы тиіс. Естеріңізге сала кетейік, байқаудың жүлде қоры – 2 000 000 теңге. Екінші кезеңге өткен және байқау талаптарына сай келетін жұмыстар жіберген барлық қатысушыларға Bilim Media Group компаниясы атынан байқауға қатысқандығы жөнінде сертификат беріледі.

Біз Сіздің жұмысыңызды асыға күтеміз!

Байқау жұмыстарын осы жерде жүктей аласыз: Өту

3Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Сауле Алмасбаевна Косманбетова
Сауле Алмасбаевна Косманбетова
4 мамыр 2018 ж. 7:11
Жаксы жоба.
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 10:33
Жақсы жоба.
Роза Мамырова
Роза Мамырова
11 желтоқсан 2017 ж. 16:12
Жақсы жоба