«Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының жеңімпаздары

24 Мам 2017
Блог
«Жаңашыл мұғалім-2017» байқауының жеңімпаздары
4689

«Жаңашыл мұғалім-2017» байқауы өз мәресіне жетті, жеңімпаздар анықталды.  Байқауды «Bilim Media Group» компаниясы Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп 2017 жылдың  10 қаңтары  мен 1 мамыры аралығында өткізді.

Байқауға ұсынылған жұмыстарды тәуелсіз сараптама комиссия мүшелері, компаниямыздың басшылары және кәсіби мамандар бағалады. Атап айтар болсақ:
-  Игілікова Алма Мырзашқызы – Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
-  Түсіпова Гүлнұр Мақсұтқызы – «Оқулық» РҒПО электронды оқулықтарды сараптау зертханасының меңгерушісі;
-  Четыкбаев Алтай Махмұтұлы – химия пәнінің мұғалімі, цифрлық білім беру ресурстарын және Ұлттық тестілеу орталығы үшін тест тапсырмаларын әзірлеуші әдіскер маман;
-  Сүлейменова Шолпан Әмірханқызы – әдіскер.

Биылғы байқау ауқымды болды.  Байқаудың екінші кезеңінде қатысушылар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды оқытуда оңтайлы пайдалана білді. Жеңімпаздар төрт аталым бойынша анықталды. Олар:

«Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ҰБТ-ға дайындауда қолдану» аталымы бойынша жеңімпаз:
Ниязбекова Айгүл Иманбекқызы (Астана қаласы, №75 гимназия).
Сыйлығы: Диплом және 500 000 теңге.

«Шағын жинақты мектептегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы бойынша жеңімпаз:
Бардаль Сергей Владимирович (Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Новорыбинка ауылы, «Новорыбинка орта мектеп-балабақшасы» ШЖМ).
Сыйлығы: Диплом және 500 000 теңге.

Биылғы жылы байқауға ұсынылған жұмыстар санының көп болуына байланысты «Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымына екі орын, «Тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымына екі орын тағайындалды. 

«Сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы бойынша екі жеңімпаз:
Қашқынбаева Роза Орынбайқызы (Алматы облысы, Іле ауданы, Междуреченск ауылы, №16 ОМ МКМ).
Сыйлығы: Диплом және 250 000 теңге.

Иманшарипова Арман Жұмабайқызы (Астана қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебі).
Сыйлығы: Диплом және 250 000 теңге.

«Тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» аталымы бойынша екі жеңімпаз:
Темірханова Әлия Бекешқызы (Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, мемлекеттік тілде оқытатын дарынды балаларға арналған «Зерде» мамандандырылған жалпы білім беру мектебі).
Сыйлығы: Диплом және 250 000 теңге.

Алишева Қымбат Маратқызы (Алматы облысы, Қарасай ауданы, Бекболат ауылы, «1 Май орта мектебі» КММ).
Сыйлығы: Диплом және 250 000 теңге.

Байқау жұмыстарын іріктеу барысында тәуелсіз сараптама комиссия мүшелері кәсіптік білім беруде АКТ-ны қолданудағы жоғары деңгейдегі педагогикалық шеберлігі үшін Сыздық Әйгерім Мұратқызының жұмысын, инклюзивті білім беруде АКТ-ны қолдануда жоғары деңгейдегі педагогикалық шеберлігі үшін Қаражанова Гүлсім Буржанқызы мен Ким Ольга Олеговнаның жұмыстарын ерекше атап өтті. Аталған байқауға қатысушылар диплом және Bilim Media Group компаниясының ресурстарына оффлайн-қосылу құрылғысын сыйлыққа алады. 

Байқаудың екінші кезеңіне өткен қатысушыларға компания атынан алғысхат, ал екінші кезеңге жұмыс жіберген қатысушыларға сертификат беріледі (қатысушының электронды мекенжайына жіберіледі).

Байқауға қатысушылар саны жағынан Павлодар облысы алда тұр. Осыған орай, Bilim Media Group компаниясы ММ «Павлодар облысы білім басқармасының» ұжымына облыс мұғалімдерінің «Жаңашыл мұғалім-2017» байқауына белсенді қатысуына ықпал еткендігі үшін алғыс білдіреді.  

Байқауға қатысқан барлық ұстаздарға алғысымызды білдіріп, еңбектеріңізге жеміс және шығармашылық табыс тілейміз!

Дипломдар мен сыйлықтарды салтанатты түрде табыстау 1 маусымға дейін жалғасады. www.bilimland.kz сайтының жаңалықтарынан қағыс қалмаңыз!

2Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 10:29
Өте жақсы ұйымдастырылған. Осындай конкурстар бола берсін.
Жұмабике Әуезбай
Жұмабике Әуезбай
26 желтоқсан 2017 ж. 8:32
Cалеметсиздер ме! Осындай конкурстар болғаны жаңа идеяға бастау алып, мұғалімдерге мотивация береді. Өте жақсы ұйымдастырылған. Осы сайттың жұмысы одан әрі өркендеп дамып мұғалімдерге көмекші құрал ретінде пайдалануға жол ашыла берсін. Жаңа технология дамыған заманда ұрпақтар мәселесі ойландырары сөзсіз әрбір ұстазды.