«Жаңашыл мұғалім-2018» байқауының 2-кезеңі

19 Ақп 2018
Байқау
«Жаңашыл мұғалім-2018» байқауының 2-кезеңі
23453

Екі айға созылатын байқаудың екінші кезеңіне өткен қатысушылар 10-15 минуттан аспайтын сабақ үзіндісінің видеосын жіберулері қажет. Бірінші кезеңдегі жұмыстарға қойылған талаптар екінші кезеңде де сақталады және мұғалімнің сабақтың барлық кезеңінде bilimland.kz ресурстарын тиімді пайдаланып, сабақты мазмұнды әрі қызықты өткізуі, шығармашылық ізденісі, оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін қолданудағы жаңашылдығы сынға түседі. Егер видео 1-кезеңге жіберілген сабақ жоспары бойынша түсірілмесе, онда видеосабақтың Word форматындағы сабақ жоспары қоса жолдануы тиіс. Тағы бір ескертетініміз, байқаудың бірінші кезеңіндегі аталымды екінші кезеңде өзгертуге болмайды.

Екінші кезеңге өткен және екінші кезеңге байқау талаптарына сай келетін жұмыс жолдаған қатысушыларға Bilim Media Group компаниясы алғыс хат табыстайды.

Байқаудың екінші кезеңіне өткен қатысушылардың жұмыстарын күтеміз. Олай болса, құрметті ұстаздар, іске сәт! Сіздерден сапалы да салмақты жұмыстар күтеміз!

Екінші кезеңнің жұмысын жүктеу

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Айнұр Бәрібаева
Айнұр БәрібаеваCайт модераторы
23 сәуiр 2018 ж. 14:41
Құрметті ұстаздар, сәлеметсіздер ме. Көпшіліктің сұрауы бойынша Жаңашыл мұғалім байқауы 28-сәуірге дейін жалғасады. Және жүктелетін жұмыстың көлемі 200 мг.қа дейін көтерілді.
Балгын Балгабаева
Балгын Балгабаева
19 сәуiр 2018 ж. 13:33
Екінші кезеңнің жұмысын 22.04.2018 ж күні жүктесем бола ма?
Балгын Балгабаева
Балгын Балгабаева
19 сәуiр 2018 ж. 13:30
Компанияға алғысым шексіз. Байқаулар ұйымдастырып, шабыттандырады.
Анар Сарбалина
Анар Сарбалина
19 сәуiр 2018 ж. 11:33
Саламатсыздар ма! Әріптестер, Білімланд видеороликтерін пайдалану жан-жақты ізденісті талап етеді. Сол үшін де тез қорытынды пікір айтуға асықпау керек.
Даулет Колдасов
Даулет Колдасов
19 сәуiр 2018 ж. 9:50
Bilimland баға жетпес құнды дүниелерді беріп жатқан ауқымды жоба. Үйренеріміз көп, барымызды бағалайық. Жобаға қатысушыларға сәттілік!
Зульфия Тилешева
Зульфия Тилешева
19 сәуiр 2018 ж. 0:28
Құрметті әріптестер! Bilimland сайтының геометрия пәні бойынша берілген ресурстар өте керемет. Оқушыларға көз алдына елестете алуға көп мүмкіндік берген. Геометрия пәнінде фигураларды елестете отырып сызу қажет. Сол қажеттілікке сайт ресурстары көмектеседі. Рахмет.
Динара Бузаубакова
Динара Бузаубакова
17 сәуiр 2018 ж. 13:59
Жаңартылған білім мазмұнына өткен 5, 7-сыныптары үшін жаңа сабақтар, ресурстар салынса дейміз.
Жукашова Куралай
Жукашова Куралай
17 сәуiр 2018 ж. 0:44
Bilimland өте керемет! Байқаулар және жобалар ұстаздарды шыңдай түсуде. Ұстаздарымызды ынталандырып, алға жұмыс жасауына зор ықпал етудесіздер! Үлкен шығармашылық табыс тілеймін!
zerendi.1214
zerendi.1214
16 сәуiр 2018 ж. 17:46
BILIMLAND ауыл ұстаздары үшін өте көп пайдасын тигізуде, рахмет.
Айнур Томантаева
Айнур Томантаева
16 сәуiр 2018 ж. 17:35
Ұстаздарға BILIMLAND сайтының көмегі өте көп, сайт ұжымына алғысым шексіз!