«Жаңашыл мұғалім-2018» байқауының бірінші кезеңінің аяқталуы

29 Қаң 2018
Байқау
«Жаңашыл мұғалім-2018» байқауының бірінші кезеңінің аяқталуы
25822

«Жаңашыл мұғалім-2018» байқауына төрт аталым бойынша жұмыстар қабылданды:

  • сабақтағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • тәрбие жұмысындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қорытынды аттестаттау немесе ҰБТ-ға дайындықта қолдану;
  • шағын жинақты мектептегі (ШЖМ) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар.

Байқауға «Сабақтағы АКТ» аталымы бойынша жұмыстар көптеп жолданды. Мұғалімдер сабақтарында bilimland.kz білім беру платформасының бірнеше ресурсын сәтті үйлестіріп, шығармашылық шеберліктерін байқатты. Қабылданған барлық жұмыстар тәуелсіз сараптама комиссия мүшелерінің іріктеуінен өтеді.

Байқаудың екінші кезеңіне өткен жұмыстар 18 ақпанға дейін анықталып, қорытынды bilimland.kz сайтында жарияланады. Жаңалықтарымыздан қағыс қалмаңыздар!

442Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Гужамила Калыбекова
Гужамила Калыбекова
10 мамыр 2018 ж. 17:40
Сайттан өзіме керекті көп мәліметтер алдым. Керемет. Шәкірттеріңіз биіктерден көріне берсін.
Салтанат Серікова
Салтанат Серікова
31 наурыз 2018 ж. 11:45
Сайт маған ұнады. Мұғалімдердің еңбектері көпке сіздердің сайттарыңыз арқылы тарайды. Рахмет. Жаңашылдық өздеріңізден табылар, Ғұмырлы болсын дәйім, елге ұнар. Ұстаздардың еңбектерін жариялап, Одан әрі дами берсін жарқырап.
Тымар Салманова
Тымар Салманова
19 наурыз 2018 ж. 12:09
Сайт керемет ұнады, көптеген жаңа форматта оқу процесіне қажетті дүниелер алуға мүмкіндік туғызған екенсіздер. Көп рахмет
Анаргул Орынбаева
Анаргул Орынбаева
15 наурыз 2018 ж. 15:31
Бұл сайт маған ұнады.
Жаслан Бекентаев
Жаслан Бекентаев
14 наурыз 2018 ж. 15:25
Қажетіне жарайтын материалдар бар екен. Рахмет! Бір ұсынысым жаңартылған бағдарлама үшін де осындай материалдар болса, нұр үстіне нұр болар еді.
Нурсая Қойкенова
Нурсая Қойкенова
2 наурыз 2018 ж. 13:13
Керекті мәліметтер өте көп екен, көп рахмет.
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
28 ақпан 2018 ж. 14:05
Керекті мәліметтер көп екен, көп рахмет!
Гулнар Абылкасымова
Гулнар Абылкасымова
26 ақпан 2018 ж. 14:39
Супер.
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 10:04
Өте керемет! Балаларға пайдалы материалдар бар екен.
Зәуреш Санақ
Зәуреш Санақ
19 ақпан 2018 ж. 15:32
Сәлеметсіздер ме, әріптестер. Менің айтарым 4 сыныптың тапсырмаларын шамалы күрделірек болса, себебі бұл тапсырмалар өте оңай. Жалпы рахмет өте жақсы оқушылар қызығып сұрап жатыр. Сабақ өткізуде өте көп көмегі тиіп жатыр.