«Жаңашыл мұғалім-2016» байқауы

02 Қаз 2015
Байқау
«Жаңашыл мұғалім-2016» байқауы
10505

«Жаңашыл мұғалім-2016» байқауы Қазақстанда және өзге де көп елде аталып өтілетін тамаша кәсіби мейрамның бірі – Мұғалімдер күні басталады. Мұғалім мамандығы – біздің әрқайсымыз үшін өте маңызды да қадірлі мамандық. Мұғалім білім нәрімен сусындататын адам ғана емес, елдің болашағы болар жас буынды тәрбиелеуші, аса зор азаматтық міндет атқарушы тұлға.

Bilim Media Group компаниясы Мұғалімдер күні ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, ғұмырын жаңа буынды тәрбиелеуге, білім беруге арнаған бар қауым үшін ұйымдастылып отырған «Жаңашыл мұғалім-2016» байқауының басталғандығын хабарлайды.

«Жаңашыл мұғалім-2016» байқауы екі кезеңнен тұрады:

1-кезең: 02.10.2015 - 02.12 2015;

2-кезең: 20.12.15 - 15.02.16;

аралығында өтеді.

Жүлде қоры 1 000 000 теңге:

Бірінші орын - 500 000 теңге;

Екінші орын - 350 000 теңге;

Үшінші орын - 150 000 теңге.

Байқау жеңімпаздарына дипломдар мен ақшалай сыйлықтар табысталады. Ал 10 үздік жұмысқа білім беретін BilimLand.kz порталына жарты жылға тегін жазылу мүмкіндігі мен байқауға қатысқаны жөнінде сертификат беріледі.

Байқауға қатысу шарттарының толық нұсқасымен осы жерде таныса аласыз:

Байқау ережелері

Біз барлық ұстаздар қауымын: бастауыш және орта білім беру мекемелеріндегі оқытушыларды, сондай-ақ мектепке дейінгі білім-тәрбие беру ұйымдарындағы тәрбиешілерді «Жаңашыл мұғалім-2016» байқауына қатысуға шақырамыз. Шығармашылық табыс пен сәттілік тілейміз!


 Татьяна Альбертовна Сарсенова

BilimLand.kz онлайн ресурсы үйлестірушісі

1Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
24 ақпан 2018 ж. 11:26
Жеңімпаздарды құттықтаймын.