Жеңімпазды құттықтау

08 Мам 2015
Байқау
Жеңімпазды құттықтау
1979

4 мамырда Абай қаласындағы (Қарағанды облысы) №14 мектеп-лицейде Bilim Media Group компаниясы 2015 жылдың 10 наурызы мен 10 сәуірі аралығында алғаш рет ұйымдастырған, сабақта BilimLand онлайн ресурстарын тиімді пайдалану бойынша мұғалімдер арасында өткізілген “Жаңашыл мұғалім” байқауының жеңімпазын марапаттауға байланысты салтанатты жиын болды. Жюридің арнайы тағайындаған сыйлығы 30 жылдық еңбек өтілі бар, биология пәнінің оқытушысы, жоғары категориялы мұғалім Федорова Светлана Владимировнаға табыс етілді. 

Жюри мүшелері Светлана Владимировнаның жұмысын бір сабақта BilimLand.kz, Twig-Bilim.kz және iTest.kz ресурстарын бірдей пайдаланғаны үшін ғана ерекшелеп атаған жоқ, оның ресурстар ішіндегі қажетті материалдарды шығармашылық тәсілмен оңтайлы үйлестіре біліп, инновациялық технологияларды игеріп, оның формалары мен әдістерін жете меңгергендігін көрсете білгендігін де есепке алып, айрықша бағалады.

Жеңімпазбен өткізілген сұқбат және жеңімпаз танылған жұмыстың үлгісі біздің келесі болгымызда жарияланады.

Абай қаласының және Абай ауданы мектептері мұғалімдерінің қатысуымен «Жаңашыл мұғалім» байқауының жеңімпазына салтанатты түрде білім беру ресурсына бір жылға тегін жазылу мүмкіндігі беріліп, диплом мен iPad mini табыс етілді. Бұл С.В.Федорова мен BilimLand.kz білім беру порталы ресурстарымен алғаш танысып отырған мұғалімдер үшін көңіл қуантарлық сәт болатын. Мұғалімдер көптілді сайтпен толығырақ танысып, мүмкіндіктерін байқап, сабақты жан-жақты, түрлендіре өткізуге таптырмас құрал екендігіне көз жеткізді.

BilimLand – қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде қолжетімді заманауи білім беру контентін қамтитын ең ірі кешен.

5 мамыр күні Қарағанды облысының Жаңаарқа кентіндегі Ю.А.Гагарин атындағы және өзге де жеті мектеп мұғалімдері үшін инновациялық электронды білім беру ресурстарын пайдалану жөнінде семинар-тренинг өткізілді.

BilimLand iPad winner

Мұндай кездесудің басты мақсаты негізгі үш: BilimLand.kz , imektep.kz және iTest.kz ресурстарына бір жылға жазылған сегіз мектеп мұғалімдерінің аталған сайттарда орналастырылған пайдалы да, сапалы материалдарды пайдалану белсенділігін арттыру болатын.

Семинар-тренинг соңында қатысушылар кездесудің жемісті өткендігін айтып, өз ойларымен бөлісті. 

Біз пайдаланушыларымыздың өз сабақтарында BilimLand.kz порталы ресурстарын үнемі пайдаланып, оқушыларын шығармашылық тәсіл арқылы сапалы білім нәрімен сусындатады деп сенеміз.


Татьяна Альбертовна Сарсенова

BilimLand.kz онлайн ресурсының үйлестірушісі

1Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз Тіркелу
Айгерім Жұмәділ
Айгерім Жұмәділ
27 ақпан 2018 ж. 20:10
Құттықтаймын!