«Жобалық жұмыс» онлайн-байқауы басталды

16 Сәу 2018
Блог
«Жобалық жұмыс» онлайн-байқауы басталды
15920

Жобалық жұмыстар оқушылардың алған білімдерін тәжірибелік тапсырмалар орындауда қолдануға мүмкіндік береді. Ал қазіргі цифрлық ресурстар оқушыларға жобалық жұмыстар жасауға көмектеседі. Мәселен, bilimland.kz білім беру порталында мектеп бағдарламасы бойынша интерактивті сабақтар мен қосымша материалдар жеткілікті.

Мектеп оқушыларының ғылымға және жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндерге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Жобалық жұмыс» онлайн-байқауы бірінші рет ұйымдастырылып отыр. Бұл біздің сайтымыздағы оқушы мен мұғалімнің бірлесіп зерттеу жұмыстарын жүргізуіне, оқушының ғылымға деген бейімін дамытуға, оқушының ғылыми жобасын жариялауға мүмкіндік беретін байқау болып отыр.

Байқауға мектеп оқушылары мен олардың жетекшілері (мұғалімдер) қатыса алады. Қатысушылар байқауға жобалық жұмыстың жоспарын (bilimland.kz, khanacademy.org, ted.com, e-history.kz, youtube.com интернет ресурстары қолданылған) және жобаның таныстыруын (mp4 форматындағы бейнематериал) жолдаулары қажет.

Сараптама комиссиясы жобалық жұмыс тақырыбының өзектілігіне, тәжірибе жүзінде жүзеге асыру тиімділігіне ерекше мән береді.

Байқауға жұмыс жолдамас бұрын bilimland.kz сайтындағы байқау ережелерімен мұқият танысып шығыңыздар.

Жұмыстар тек bilimland.kz. сайтында қабылданады.
Байқау қорытындысы bilimland.kz порталында және әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін жарияланады.

Байқау ережелерімен мұқият танысып шығыңыз

82Пікірлер

Пікір қалдыру үшін авторизация жасаңыз
Зоя Тусивахын
Зоя Тусивахын
14 маусым 2018 ж. 12:18
Көп рақмет. Сабақтарымда үнемі қолданып, қажетті мағлұмат алып отырамын. Жобаны ұйымдастырушыларға үлкен рахмет. Жақында оқушымның жобасын жібердім.
Махаббат Серкебаев
Махаббат Серкебаев
12 маусым 2018 ж. 11:49
Жобаны ұйымдастырушыларға үлкен рахмет! Керемет идея.
Абылай Шекербек
Абылай Шекербек
30 мамыр 2018 ж. 10:03
"Жобалық жұмыс" байқауын өткізіп жатқандарыңызға рахмет. Бұдан әрі жалғасын таба берсін.
Арген Туребаев
Арген Туребаев
28 мамыр 2018 ж. 21:52
Жақсы материалдар үшін рахмет.
Алтынганым Темиралиева
Алтынганым Темиралиева
28 мамыр 2018 ж. 17:33
Білімлaнд – жүйелі білім алуға көмекші құрал. Қосымша тапсырмаларды әр сабақта пайдаланамын. Рахмет!!!
Айнур Кожагалиева
Айнур Кожагалиева
25 мамыр 2018 ж. 15:32
Білімланд порталын сабаққа үнемі қолданамын. Қызықты танымдық видеолар мен қосымша тапсырмалардың берері көп. Көп рахмет!!!
Арайлым Торетаева
Арайлым Торетаева
23 мамыр 2018 ж. 15:01
Білім беремін деген және білім аламын деген адамға мүмкіншілік өте жақсы жасалған. Жұмыстарыңызға сәттілік! Тек алға!
zhuali15.36
zhuali15.36
23 мамыр 2018 ж. 12:26
Білімланд порталы оқушыларды ҰБТ-ға дайындық бойынша өте қажет екен. Рахмет сіздерге.
zhuali15.20
zhuali15.20
23 мамыр 2018 ж. 11:10
Сіздерге көп рақмет, тәжірибе алмасып отырамын.
farizat Aizharikova
farizat Aizharikova
22 мамыр 2018 ж. 17:39
Білім ленд өзіме қатты ұнады, әсіресе информатика пәнінде тапсырмаларды пайдаланамын.