Мансап

Болашақты бірге құрайық!

Кадр дамыту
Кадр дамыту - 1
Кадр дамыту - 2
Кадр дамыту - 3

Компания қызметкерлерін оқыту мен дамытудағы басты мақсат – бүгінгі күн қоятын заманауи талаптарды есепке ала отырып, компания басшылары мен қызметкерлерінің біліктілік деңгейін қалыптастыру. Бұл мақсатқа жету үшін мына жұмыстар атқарылуы тиіс:

  1. 1. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру.
  2. 2. Қызметкерлердің жаңа ортаға бейімделуіне жағдай жасау.
  3. 3. Ұдайы ынталандырып отыру.
  4. 4. Еңбек нәтижелілігін басқаруға үйрету.
    1. Басшылық қызметкерлердің біліктілігін арттыру арқылы компанияның тиімді әрі табысты жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Кәсіби кемелдену әр қызметкер үшін қажет, себебі білім толығып, дағды шыңдалған сайын мансапқа жету де оңайға түспек.

Бос жұмыс орындары
  • Математика пәні мұғалімі (конспект пен тест сұрақтарына сараптама жасау үшін)

    Атқаратын қызметтері:

    • Тест сұрақтарының дұрыстығын тексеру (берілгені, нұсқалары, күрделілік деңгейі және жауабы мен шешімі)
    • Конспект дұрыстығын тексеру
    • Қате табылған жағдайда сәйкесінше түзетулер енгізу
    • Қажет болған жағдайда қатені және түзетілген нұсқаны түсіндіріп беру
    • Мәтін редакторларымен, контент-инженерлермен, жоба менеджерлерімен байланыс орнатып, тіл табыса білу (құжатта пікір қалдыру және жеке хат алмасу)
    • Мерзімі мен көлемін тәртібін қатаң сақтау

    Қойылатын талаптар:

    • Жоғары педагогикалық білім (математика)
    • Мұғалімдік жұмыс тәжірибесі 6 жылдан кем болмау, математика пәні бойынша жаңартылған бағдарламаны білу
    • Дербес компьютерді пайдалана білу: Microsoft Office, Internet, Skype
    • Кәсіби қарым-қатынас стилі, ұқыптылық, мұқияттылық, құпия ақпараттарға жауапкершілікпен қарау
  • «Бейімді оқыту» жобасына математика пәні бойынша әдіскер (орта және жоғары мектеп)

    Атқаратын қызметтері:

    • Орта және жоғары мектеп оқушыларына арналған геометрия пәні бойынша бейімделген кешенді әзірлеу (жауаптары мен көмекші ақпараттары бар әр деңгейдегі жаттығулар).
    • Бейімделген кешенді дайындау жобасын қадағалау және бақылау.
    • Жобаны әдістемелік тұрғысынан демеу.
    • Жоба менеджерімен іскерлік тығыз қарым-қатынаста болу.

    Қойылатын талаптар:

    • Жоғары педогогикалық білім (математика).
    • Бейімді оқытудың әдістемесін білу.
    • Мұғалімдік жұмыс тәжірибесі 6 жылдан жоғары болу.
    • 7–11 сыныптардағы геометрия пәні бойынша жаңартылған бағдарламаны білу.
    • Өзіне деген сенімділік, адаммен жақсы тіл табысу, адамдарды басқара білу, демократияшылдық, жинақылық, жауапкершілік.
    • Дербес компьютерді пайдалана білу (Google Docs, MS Office, Internet).
    • Орындаушылық қабілет, мұқияттылық, күйзеліске төзімділік.
    • Көп көлемдегі тапсырмаларды орындай білу. 
    • Контент әзірлеуде жұмыс тәжірибесінің болуы қошталады.
  • Қазақ тілді емес мектептерге арналған қазақ тілі пәнінің мұғалімі (бастауыш және жоғары мектеп) Алматы қ.

    Атқаратын қызметтері: 

    • Бастауыш және жоғары сыныптарға арналған қазақ тілді емес мектептерге арналған қазақ тілі пәнінен алдын ала бекітілген үлгі бойынша сапалы сабақ сценарийлерін жазу (МЖМБС талаптары бойынша).
    • Мерзімі мен көлемін қатаң сақтау.

    Қойылатын талаптар:

    • Жоғары педогогикалық  білім (қазақ тілді емес мектептерге арналған қазақ тілі).
    • Мұғалімдік жұмыс тәжірибесі 6 жылдан жоғары болу, қазақ тілді емес мектептерге арналған қазақ тілі пәні бойынша жаңартылған бағдарламаны білу.
    • Мектепте жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беру тәжірибесі. 
    • Дербес компьютерді пайдалана білу: Microsoft Office, Internet, Skype.
    • Кәсіби қарым-қатынас стилі, ұқыптылық, мұқияттылық, құпия ақпараттарға жауапкершілікпен қарау.
  • «Қазақ тілінде білім беретін мектепке арналған қазақ тілі» жобасына әдіскер (бастауыш мектеп) Алматы қ.

    Атқаратын қызметтері: 

    • Бастауыш және жоғары сыныптарға арналған цифрлық білім беру ресурстарын әзірлеу жобаларын үйлестіру және қадағалау.
    • Жобаларға әдістемелік қолдау көрсету.
    • Сараптамалық талдау жасай алу.
    • Мәтін авторларымен және инженерлермен байланыс орнату.

    Қойылатын талаптар:

    • Жоғары педогогикалық  білім (қазақ тілінде білім беретін мектепке арналған қазақ тілі).
    • Ұстаздық жұмыс өтілі 6 жылдан жоғары болу. 
    • 2–9 сыныптар бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен жаңартылған бағдарламаны білу.
    • Өзіне сенімді болу, адамдармен сауаттығ кәсіби қарым-қатынас орната білу, ұжымды басқара білу.
    • Компьютерде сауатты жұмыс істеу (Google Docs, MS Office).
    • Ұқыптылық, жинақылық, мұқияттылық, сабырлылық.
    • Жан-жақтылық, зеректік.
    • Контент әзірлеу бағытында жұмыс тәжірибесі құпталады.
  • Суретші-дизайнер (Алматы қ.)

    Атқаратын қызметтері:

    • Дайын сценарийлер бойынша иллюстрациялар жасау.
    • Композиция құру.
    • Түстермен жұмыс.
    • Медиарепозиторийлермен жұмыс.

    Қойылатын талаптар:

    • Графикалық бағдарламалармен жұмыс істеу дағдысы (Adobe After Effects, Adobe Flash, Adobe Animate, Toon Boom, Mocha, Anime Studio).
    • Векторлы және растрлы графикамен жұмыс істей алу.
    • Заттар мен кейіпкерлерді тиісті бағдарламаларда анимациялау процесі туралы түсінік (Adobe Photoshop, Adobe Illustrator және Corel Draw).
    • Балаларға арналған иллюстрациялар жасау тәжірибесі.
    • Ең басты талап – оқимын және үйренемін деген ниеттің болуы!

    Біздің шарттарымыз:

    • Келісімшарт арқылы қашықтықтан жұмыс істеу мүмкіндігі.
    • Аптасына бес жұмыс күні, 9:00-18:00.
    • Қала орталығында орналасқан, кең кеңсе.
    • Көңілді, жас және тату ұжым.
    • 3 айға дейін сынақ мерзімі.
  • Анимация дизайнері / Motion designer (Алматы қ.)

    Атқаратын қызметтері:

    • Adobe After Effects-те дайын сценарийлер бойынша анимациялық роликтерді жасау.
    • Дыбыстау мәтіні бар видеоны монтаждау.
    • Медиарепозиторийлермен жұмыс істеу.

    Қойылатын талаптар:

    • Графикалық бағдарламалармен жұмыс істеу дағдысы (Adobe After Effects, Adobe Flash, Adobe Animate, Toon Boom, Mocha, Anime Studio).
    • Векторлы және растрлы графикамен жұмыс істей алу.
    • Заттар мен кейіпкерлерді тиісті бағдарламаларда анимациялау процесі туралы түсініктің болуы (Adobe Photoshop, Adobe Illustrator және Corel Draw).
    • Балаларға арналған анимациялық роликтер жасау тәжірибесінің болуы.
    • Негізгі талаптардың бірі – Adobe After Effects-те жұмыс істеу дағдысы.

    Біздің шарттарымыз:

    • Жетекші әрі қарқынды дамушы компанияда жұмыс орны.
    • Ыңғайлы жерде орналасқан, жақсы кеңсе.
    • Көңілді, жас және тату ұжым.
    • Жұмыс кестесі: аптасына 5 күн, 9:00-18:00.
    • Қызметтік жоғарылау.
Жаңартылды: 11.03.2019
Бос жұмыс орындары бойынша мына телефон нөміріне хабарласыңыз: +7 (727) 344 95 95