Бастауыш математика

Бастауыш математика

Бастауыш математика - математика пәнін бастауыш мектепте оқытуға және үйде өз бетінше оқуға арналған интерактивті кешен. Бұл оқыту жүйесі халықаралық қауымдастық ең сапалы оқу құралы ретінде таныған «Ласкутайте» атты финляндиялық математика оқулығы негізінде жасалған.

Оқу құралы математиканың бастауыш сыныпта және орта мектепте өтілетін барлық негізгі тақырыптық бөлімдерінің интерактивті оқу материалдарынан тұрады. Оқу модульдерінің бөлімдері баланың қабылдау ерекшеліктеріне сай бай иллюстрациялы материалдан (анимацияланған роликтер, диаграммалар, кестелер, графиктер және т.б.), ойын түріндегі интерактивті тапсырмалардан және тақырыптың әр бөліміне арналған тапсырмалар жиынтығынан құралған.

Бағдарламаны жаңа тақырыпты түсіндіру, актуализация, жалпылау, жүйелеу және үлгерімді бақылау секілді оқытудың барлық кезеңінде тиімді қолдануға болады. Бағдарламада қарастырылған методика мен технологиялардың әралуандығы ұстазға (ата-анаға) оқу процесін және сабақтың педагогикалық сценарийлерін түрліше жоспарлауға мүмкіндік береді.

Курстың мақсаты - оқушылардың математика негіздерін үйренуіне және логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға көмектесу.

Курс ағылшын тіліндегі түпнұсқа түрінде, сондай-ақ локализацияланған қазақ және орыс тілдерінде ұсынылып отыр.

Кешен интерактивті тақтаның көмегімен сыныпта және компьютердің көмегімен үйде дербес оқуда қолдануға арналған.

Курстың артықшылықтары:

• 849 сабақ пен 4 400 симулятордан құралған 30-дан аса бөлімнен: интерактивті жаттығулар мен анимацияланған иллюстрациялардан тұрады;Бастауыш математика

• Материал күнделікті өмірден алынған, балаларға түсінікті мысалдар негізінде жасалған;

• Кері байланыс жүйесінің болуы;

• Интерактивті тақтаны қолдануды жеңілдетуге арналған аннотациялық құралдар;

• Қолмен жазылған символдарды тану жүйесі;

• Бүкіл курс барысында балаларға көмектесетін және дұрыс бағдар беретін анимациялық кейіпкерлер;

• Дұрыс жауапқа сый ретінде көрсетілетін анимациялық роликтер;

• Тапсырмаларды бағалауға мүмкіндік беретін құралдар;

• Мықты оқушыларға арналған ауыр тапсырмалар, қосымша басқатырғыштар мен ашық үлгідегі сұрақтар;

• Интуитивті дизайн, бай графика, мәтіннің минималдығы, дыбысталған нұсқаулықтар, басып шығаруға және оқушыларға таратып беруге арналған материалдар, ынталандыратын сыйлар.

Бастапқы математика пәннің незігдерін қарапайым үлгіде түсіндіріп, маңызды математикалық қабілеттерді қалыптастырады.

Атап айтқанда:

• Сандар туралы түсінік. Сандарды өсу және азаю реті бойынша қатесіз санай алу қабілеті. Сандарды қосу және алу секілді сандар қарым-қатынасының негізі;

• Курс суреттер, сөздер, символдар және бұйымдар арқылы математикалық ойларды «тірілтуге» мүмкіндік береді;

• Өлшеу. Сантиметр, метр, грамм және килограмм секілді өлшем бірліктерін қолдану арқылы бұйымның ұзындығын, биіктігін және салмаған өлшеуді үйренеді. Сонымен бірге, балалар уақыт санау жүйесімен танысып (сағаттар және минуттар), тәулік уақытын және жыл мезгілдерін анықтап үйренеді;

• Пайымдау (жуықтап есептеу). Бұл балаға түрлі бұйымдардың өлшемдерін қатынас арқылы анықтауға мүмкіндік беретін қабілет. Бұл мультимедиялық ресурстар мен жаттығулардың көмегімен тиімді дамуға мүмкіндік беретін және сол арқылы «кем», «көбірек», «одан көп», «одан кем» деген ұғымдарды түсінуге көмектесетін қабілет;

• Ұқсастықтарды анықтау. Ұқсастықтарды анықтау және олармен жұмыс істеу қабілеті балалардың логикалық қорытындылар мен болжамдар жасап үйренуіне мүмкіндік береді;

• Тапсырмаларды шешу. Тапсырмаларды түсіну және оны шешудің жолдарын анықтау қабілеттерін дамыту. Балалар алған білімдері мен логикалық ойлау дағдыларын қолдана отырып, жаңа есептерді шығаруға үйренеді.

Бастауыш математика Бастауыш математика Бастауыш математика

Курстың құрылымы:

Курс 30-дан аса тематикалық бөлімнен тұрады және бастауыш сынып математикасының барлық негізгі тақырыптарын, ал 5-сынып бағдарламасы тақырыптарының бір бөлігін қамтиды. Бөлімдер жаңа тақырыпты түсіндіретін кіріспе бөлімнен, өтілген тақырыпты бекітуге арналған бөліктен (практикалық тапсырмалар) және басып шығарып, таратуға болатын қосымша материалдар - қосымша тапсырмалар бөлігінен тұратын интерактивті сабақтардан құралған.

Кіріспе

Сабақ бөліктері әркелкі түспен ерекшеленген. Мысалы, Кіріспе бөлігінің түсі – көк. Кіріспе материалдары оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыруға арналған. Кіріспе бөлігіндегі ақпарат оқушыға жаңа ұғым туралы түсінік беруге және меңгерген жаңа білімін есептер шығару үшін негіз ретінде қалыптастыруға арналған. Әрбір сабақтың кіріспесі қызықты мультимедиалық слайдшоулардан, анимацияланған иллюстрациялардан, өмірден алынған және балаға түсінікті симуляторлардан тұрады.

Практикалық тапсырмалар

Бұл бөліктің фоны қызғылт сары түсті. Ол жаңа тақырыпты қосымша түсіндіруге (қажет жағдайда) және кіріспеде берілген білімді бекіту үшін қолданылады. Есептер интерактивті тақтаның бетінде немесе тінтуірдің көмегімен жазуға мүмкіндік беретін түрлі практикалық тапсырмалар топ болып және жеке, дербес жұмыс істеуге жол ашады. Дұрыс жауап үшін берілетін ынталандыру элементтері есеп шығару процесін қызықты етеді.

Қосымша тапсырмалар

Сабақтың үшінші бөлігінің фоны жасыл. Бұл бөлік оқушыға қиын тақырыптарды қосымша түсіндіруге арналған. Қосымша тапсырмаларды мұғалімдер балалардың математикалық ойлауын ынталандыру және дамыту мақсатында шығармашылық жұмыс үшін пайдалана алады.