Ағылшын тілі

Ағылшын тілі

Ағылшын тілі

BilimLand аясындағы ағылшын тілін оқыту кешені екі бөліктен тұрады. Тілді енді оқи бастаған, төменгі сынып (1-6 сынып) оқушыларына арналған бөлім – Interactive Course деп аталады. Ал Interactive Exercises деп аталатын екінші бөлігі ағылшын тілін бастауыш, орта және ілгері деңгейде оқып жатқан жоғары сынып оқушыларына арналған.

Оқу құралының жалпы сипаттамасы

Ағылшын тілін оқытуға арналған бұл виртуалды кешен заманауи білім беру ресурстарының ең озық жетістіктерін ескере отырып, халықаралық K-12 бағдарламасының талаптарына сәйкес жасақталған. Курсты жасауға ағылшын тілін шет тілі ретінде оқытатын дидактикалық кешендер жасауда көпжылдық тәжірибесі бар алдыңғы қатарлы британдық мамандар қатысты. Аталмыш интерактивті ресурс кез келген деңгейдегі, кез келген ағылшын тілінің оқулығына таптырмас электронды қосымша құрал болады алады.

Кешен халықаралық сынақтан (апробациядан) өтіп, Европа, Азия және Оңтүстік Американың 20-дан астам елдерінің мұғалімдері мен оқушаларына ұсынылған.

Әдістемелік негізі

Ағылшын тіліКурстың методологиялық негізі ретінде әлемдегі тіл оқытушы мамандар арасында кеңінен танымал коммуникативті әдіс қолданылған. Әр сабақ аутентикалық мәтінге сүйенген, қысқаша анимациялық эпизодтар мен диалогтардан тұрады және оқушы оларды жұп болып немесе топ болып қолдана алады. Кешен жеке тұлғаның оқып-үйрену ерекшеліктерін ескеретін аралас оқыту (blended learning) әдісін қолдана отырып, сандық ресурстарды дәстүрлі оқу құралдарымен үйлесімді интеграциялауға мүмкіндік береді.

Оқушылар ресурстарды дербес және мобильді компьютерлік құрылғылар арқылы қолдана алады. Мектепте берілетін ағылшын тілі сабақтары шектеулі  болған жағдайда, бұл құрал сынып пен үйдегі оқуды ұштастырып, оқушының тілді өз бетінше тиімді оқып-үйренуіне тамаша жағдай жасайды.

Ұсынылған методология

Тілді меңгеру қолда бар дидактикалық материалдың сапасына, оқушы жұмысын ұйымдастырып, оны бағыттап отыратын ұстаздың біліктілігі мен шығармашылық әлеуетіне тәуелді. Осы құрамдас бөліктер бір-бірін оңтайлы толықтырған жағдайда, жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады.

Соңғы жылдары ағылшын тіліндегі түрлі медиа-мазмұн (анимациялық және видео фильмдер, ойындар) көбейіп, оны таратудың техникалық құралдары (теледидар, кино және интернет) кең тарала бастады. Соның салдарынан тіл мамандары оқушының назары мен сенімі үшін сыртқы ортамен бәсекелесуге мәжбүр. Өздерінің педагогикалық қажеттіліктеріне байланысты ұстаздар біздің интерактивті курсымызды қолдана отырып, кәсіби түрде дайындалған онлайн курсты өздеріне жұмысының кез келген кезеңінде көмекші ретінде қолдануға мүмкіндік алады.

Осындай жағдайда ұстаздар әрі жаңашыл, әрі кәсіби білігі жоғары маман ретінде жұмыс істей алуы үшін оларды тексерілген және дәстүрлі материалдармен үйлесімді, сондай-ақ тіл оқуды қызықты ойынға айналдыра алатын ресурстармен қаруландыру керек. Бұл кешен ұстазға көмектесетін сондай құрал болу үшін дайындалған. Ол сыныпта топ болып және үйде жеке отырып тіл меңгеруге қажетті тыңдау, оқу, сөйлей және жазу секілді негізгі машықтарды қалыптастыруға және дамытуға толық мүмкіндік береді.

Ағылшын тілі

Мазмұны

• Оқу кешені тестер мен ойындарды қоса есептегенде 1-11 сыныптарға арналған 1045 сабақтан тұрады (әр сабақ 15 минутқа, ал қосымша сабақтар шамамен 30 минутқа есептелген);

• шамамен 8000 дара мультимедиялық бет және 5000 жаттығуы бар;

• фото суреттерді, иллюстрацияларды, симуляторларды, слайд-шоуларды, ойындарды, анимацияларды және аудио файлдарды қоса есептегенде 10 мыңнан аса мультимедиялық көрнекіліктен тұрады;

• ұстаздарға арналған 1045 методикалық нұсқаулық қарастырылған (сабақ жоспарлары);

Курстың мазмұны сыныптар мен сабақтарға бөлінген.

Әрбір жаңа сабақ анимацияланған және ағылшын тілі ана тілі болып табылатын мамандармен дыбысталған аутентикалық мәтіндерге негізделген. Әр сабақ тиісті тақырыппен байланысты жаттығулар кешенімен қамтамасыз етілген. Бұл жаттығулар оқушыларға тіл ерекшеліктерін түсініп, оларды қолдану дағдыларын тез қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Курстың артықшылықтары

ППО-ға бағытталған әдістеме, яғни 15% - презентации, 60% - практика, 25% - ойнату;

Кешен жеке-дара, жұп болып және топпен жұмыс істеу жарайды;

• Қосымша 100 бақылау сабақтары бар;

• Қағазға басып шығаруға болатын материалдар қарастырылған;

• Жиі қолданылатын 3000 сөзден тұратын сөздігі бар.

INTERACTIVE EXERCISES

Бұл оқыту құралын тілді меңгеру дағдыларын (тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу) дамыту және бекітуге арналған онлайн жаттықтырғыш деуге болады. Оны алдыңғы қатарлы финляндиялық SANOMA компаниясының тапсырысымен электронды тіл оқыту ресурстарын жасаумен айналысатын халықаралық тілші мамандар тобы әзірлеген. Курстың мақсаты ағылшын тілін тез әрі тиімді меңгеруді қалайтын оқушыларға негізгі тілдік дағдыларды жаттықтырып, машықтануға мүмкіндік беретін виртуалды тілдік орта қалыптастыру.

Тіл үйренушілер жаттықтырғыштың көмегімен жаңа тақырыппен танысуға және өткен тақырыптарды қайталауға, сонымен қатар грамматика, тыңдалым, жазу және сөздік қорды байытуға арналған жүздеген жаттығуларды жеке-дара немесе топ болып жасай алады.

Оқу құралы бастапқы (Elementary), орта (Intermediate) және ілгері (Advanced) деңгейлерінен тұрады.

Әрбір сабақ грамматика (Grammar), тыңдалым (Listening) және сөзік қор (Vocabulary) деген бөліктерден құралған.

Онлайн ресурс жүздеген интерактивті жаттығулардан, ағылшын тілін ана тілі деп білетін мамандардың қатысуымен дайындалған аудиоматериалдардан, видеороликтерден, презентациялардан және сабақ қорытындылары туралы егжей-тегжей есеп беретін беттерден тұрады. Кешен барлық мобильді құрылғылармен үйлесімді жұмыс істейді (iPad, iPhone және т.б.).

Курстың артықшылықтары ретінде оның оқытатын, жаттықтыратын және оқушының өзін-өзі қадағалауға мүмкіндік беретін фукнцияларын атауға болады. Кешен мектептегі ағылшын тілі сабағының мазмұны мен оқытылу әдістемесін айтарлықтай жетілдіріп, дамытуға мүмкіндік береді.